1.3 Пәнді зерделеу нәтижелері
Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді. Сонда бес басты оқу нәтижесі айкындалады:
Білу және түсіну:
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының негізгі даму кезеңдері мен олардың ерекшеліктерін білу;
әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
Білім мен ұғымды қолдану:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану.
Пайымдауды қалыптастыру:
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
зерттеу жұмыстары, деректер, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу негіздерін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |