Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә



бет47/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
Байланысты:
Этнопедагогика. китап Каз.

Рефераттық тақырыптар

  1. Салт-дәстүрлердің ауыз әдебиетіндегі көрінісі.

  2. Ұлттық ойынның тәлімдік мәні.

  3. Шешендік өнер- ұлттық тәрбиенің негізі.

  4. «Өнерді үйрен, үйрен де жирен».

  5. Өнер алды қызыл тіл.



5.3. Орта ғасыр ойшылдар еңбектерiндегi тәлiмдiк ой-пiкiрлер

Жоспар:



1.Әл-Фараби еңбектерінің тәрбиелік мәні
2. Жүсіп Баласағұни., Ахмет Яссауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік маңызы.
3. Махмұд Қашқари. Ахмет Иүгнеки еңбектерінің тәлім-тәрбиеде алатын орны.
Х-ХҮ ғ.ғ. аралығында Шығыстың екiншi Аристотелi атанған әл-Фараби атамыздан бастап, бiр топ ойшыл ғалымдар түркi топырағында өмiр сүрiп, ғылым-бiлiмдi өркендетуде өшпес iз қалдырған.
Солардың iшiнде әл-Фарабидiң ұстаздық (ғалымдық) еңбегi ерекше. Оның жан мен тәннiң пайда болуы жайындағы трактамаларында өзiнен бұрынғы Платонның “Жан тәннен бұрын пайда болады деген пiкiрiн жоққа шығарып, жан мен тән бiрге дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан тәннiң тiршiлiк қасиетi. Адамның тәнi де, жаны да өткiншi деп ой топшылайды.
Ол өзiнiң “Жан туралы” деген еңбегiнде жанды өсiмдiктерде, жануарларда, адамда болады деп үшке бөле келiп, айналаны тану қуаты жануарлар мен адамға тән дейдi.
Адамның айналаны тануы бес сезiм мүшесi арқылы iске асатынын, оның өзiн сыртқы және iшкi жан қуаты болып бөлiнiп, сыртқы жан қуаты жеткiзген мәлiметтердi ойда қорытып сыртқа шығару (ой) ми мен тiлдiң iсi дейдi. Адамның жануарлардан ерекшелiгiнiң өзi ойлай, сөйлей алуында деп қарайды.
Ал “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат” деген еңбегiндегi жан құбылыстарының әртүрлi көрiнiстерiне қысқаша сипаттама бередi. Ол тану процесiн екi кезеңге бөледi де, бiрiншiсiн сезiмдiк кезең деп атаса, танып бiлудiң негiзгi түйсiк-сезiмiнде, ол ойлау процесiн тұрғызуға түрткi болады деп қарайды.
Ол iзгi қала тұрғындарының қажыр-қайратымен ерiк-жiгерiн – рухани қасиеттi қалыптастырудың негiзгi факторы дейдi. Ол батырлық, ерлiк iс-әрекеттер ерiк-жiгердiң жақсы сапасы болса, ал мейрiмсiздiк, қорқақтық, дүниеқорлық, нәпсiқұмарлық адам бойындағы ұнамсыз жан қасиеттерi деп қарайды. Ол адам жанының ерекшелiк қасиеттерiн санамалай келiп, адамның жануардан айырмашылығы саналы iс-әрекетiне байланысты. Адам қоғамнан тыс тiршiлiкте ете алмайды, сондықтан ол басқалармен қоғамда қарым-қатынасқа түсу арқылы әрекет етедi. Осы әрекеттесу кәсiптiк ерекшелiктердi туғызады, түрлi топқа, қоғамдастыққа бiрiгедi. Осы қарым-қатынас iзгiлiкке, қайырымдылыққа құрылуы керек дейдi.
Адамдар қоғамда бақытты өмiр сүруi үшiн өзара көмектесетiн iзгi қоғам құруы керек дейдi. Ондағы адамдар бiр-бiрiмен ынтымақты байланыс жасауы тиiс дейдi. Iзгiлiктi адам бойына дарыту тәрбие, өнеге арқылы iске асырылады деп тәрбие мәселесiне басты орын бередi. Тәрбиеге көнбеген опасыздар мен жауыздарды күштеп көндiрiп, болмаса көзiн құрту керек дейдi. Халық байлығы адал еңбекпен жасалады. Еңбек тәрбиенiң басты құралы болуға тиiс деген қорытынды шығарады.
Фараби еңбек бөлiсiне қарай қала тұрғындарын кедейлер, шәкiрттер, әкiмдер деп үшке бөледi де, дене еңбегi кедейлерге, ал ой еңбегi шәкiрттер мен әкiмдерге тиiстi деп қарап, бiлiм алу, ел басқару iсi де халыққа адал қызмет бiрiншi орында тұруға тиiс деп қарайды. Фараби ұлы ағартушы болғандықтан адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға, жетiлдiруге болады. Оқу-бiлiм барша халыққа ортақ нәрсе деп қарайды.
Ұлы ғұламаның шәкiрт пен ұстаздың ара қатынасы туралы ойлары да педагогикалық тактiге негiзделген. Ұстаздың ұстамды, бiр қалыпты болуы керек тейдi. Әл-Фараби адамды iзгiлiкке тәрбиелеп жетiлдiруде музыканың үлкен роль атқаратынына да басты көңiл бөлген. Ол музыка адамды iзгiлiкке тәрбиелеудiң басты құралы деп қарайды.
Әл-Фарабидiң медицина саласындағы еңбектерiнде дәрiгерлердiң адам жанын дәрi-дәрмекпен де, сөз құдiретiмен де емдеп жазатыны туралы ой қозғайды. Бұл бүгiнгi тiлмен айтқанда психотерапия.
Жүсiп Баласағұни (ХI ғ.) Түркi тектес халықтардың тәлiм-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң iлкi бастауы – төп төркiнi болып табылатын рухани мұра “Құдатғу бiлiг” (Құтты бiлiк) атты еңбектiң авторы. Бұл – дидактикалық этикалық жанрда жазылған шығарма. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығармада оқиғаға қатысты төрт кейiпкер – төрт қасиет бар. Ол әдiлет, дәулет, парасат, қанағат. Осы төртеуiнiң арасындағы бақыт туралы сөздiң жартысы диалогқа құрылған. Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы өлке кезiнде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнерi дамыған, мәдениетi өркендеген, зиялы қауым көп шыққан ел болған. Баласағұн адам баласының қадiр-қасиетi – бiлiм мен ақылда. Бұл –адамның жетiлiп, кемелденуiнiң алғашқы жолы. Ғылым iздеу – мұсылманның бiр парызы деп қарайды. Ол бiлiм-ғылым тiл арқылы баииды дей келiп, бiлiм мен тәрбие берудi тiлдiң пайда зиянын сөз етедi.
Көп сөйлеме, аз айт бiрер түйiрiн,
Бiр сөзбен шеш түмен сөздiң түйiнiн деп ой қорытады.
Ол iзгiлiк – адамзат үшiн ең қажеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы да iзгi болады дейдi. Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтан ба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, сараңдық пен аш көздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды.
Сондай-ақ ел билейтiн азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп:
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз – ел пайдасын дiттеген – деп ой қорытады.
Х-ХII ғасырларда Қазақстан жерiндегi мәдени орталықтың бiрi – Сыр бойы болды. Осы төңiректен А. Яссауи, Ахмет Иүгүнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.
Ахмет Яссауи – бiлiмпаз ғалым, ақын, дiндар-теолог, ойшыл, бүкiл түркi жұртының рухани атасы. Ол Сайрамда туып, Жiбек жолының бойына орналасқан Түркiстан қаласында тұрған. Оның “Диуани хикмет” атты дастаны бар. Яғни ол “Алланың ақ жолын баяндайтын кiтап” деген мағынаны бiлдiрген. Бүкiл Орта Азия елi оны құрмет тұтып “Мәдинада – Мұхаммед, Түркiстанда Қожа Ахмет” деп атаған. Қожа Ахмет жетi жасында Арыстан бабтан сабақ алып, дiн жолын қуды. Ол бүкiл өмiрiн исламды уағыздауға, шәкiрт тәрбиелеуге арнаған. Алпыс үш жасында жер астынан бiр кiсiлiк жертөле жасап “Мұхаммед пайғамбар жасынан астым. Ендiгi өмiр сүруiм күпiрлiк” деп қалған өмiрiн сол жеркепеде өткiзiп, осы еңбегiн жазып қалдырады.
Яссауидiң “Хикмет” кiтабында адамдарды адамдық жолға, iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуды уағыздайды. Ол уағыздаған бес нәрсе мыналар:
1.Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу;
2.Менмен, тәкаппар болмау;
3.Арамдықтан аулақ болу;
4.Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау;
5.Ерiншек болмай – еңбектi сүю.
Махмұд Қашқари орта ғасырдағы түркi тайпаларынан шыққан iрi ғалым, ауыз әдебиетiн жинаушы. Шамамен 1029-1039 ж. туған. Әкесi Барсмағанның әмiрi Бураханның немересi. Ол Ыссыкөл маңындағы Барсаған қаласында туып, Қашқарияда өскен. Қашқар Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданындағы қала. Бұл қалаға Ресей мемлекетiнiң тапсырмасымен ХIХ ғ. 50-жылдарында Ш.Уәлиханов барып, зерттеу жұмысын жүргiзген.
М.Қашқари – араб, парсы мәдениетiн, араб грамматикасын жетiк бiлген.
Оның “Түркi сөздерiнiң жинағы” атты еңбегi – этнографиялық мәлiметке бай, түркi тiлдерiне ортақ әдеби мұра. Онда жарияланған атаулар, жер-су аттарының қойылу тарихы, ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi жинақталған. Онда 29 тайпаның аты аталады. Қазақ халқын құраған Қыпшақ, Оғыз, Шығыл т.б. ру-тайпалар кездеседi. Онда 6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берiлген. 242 бәйiт өлең, 262 мақал-мәтел қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады.
Осы өңiрден шыққан тағы бiр ойшыл – Ахмет Иүгнеки (ХIIғ) едi. Оның “Хибатул хикайқ” (Ақиқат сыйы) атты шығармасында iлiм-бiлiмдi игеру iсiнiң халық үшiн пайдасы, оның көзқарасының бұқаралық сипаты, гуманистiк ой-пiкiрi айқын сипатталады. Ол сол заманның адамдарының бойындағы ұнамды, ұнамсыз, моральдық-этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, сонымен бiрге бiрсыпыра пайдалы кеңестерде ұсынады. Мысалы, “Егер билiкке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа”, “Бастық болсаң, жайсаң бол”, “Кәрiге де , жасқа да құрмет көрсет”, “Айтар лебiңдi алдымен ойланып ал) т.б. өсиетнамаларын айтады.
Моңғол шапқыншылығымен Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықты (ХIII-ХҮ ғ.ғ) түркi тiлдерiнде бiрнеше қолжазбалар жазылып, оларда тәлiм-тәрбиелiк сипаттағы кеңестер уағыздалады.
Мәселен, Р.Хорезмидiң “Махаббатнамасында”, “Төзiмнен артық нәрсе жоқ”, “Ақыр түбi адалдық жеңедi”, “Адамның жүрегi тазалыққа талпынады” деген ой тұжырымдалса, сол заманда өмiр сүрген Сайф Сарай өзiнiң “Гүлстан” атты дастанында “Адамның артында алтынға толы ақ сандық қалғанша, iзгiлiкке толы жақсы ой қалғаны мақұл”, “Күншiлдiктiң көзiне дарының -мiнiң болып көрiнер” , Iшi тар құсадан арылмас, жаны жайсаңның әсте көңiлi тарылмас” деген секiлдi ғибрат сөздер уағыздалды.
Дiни медiреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық падагогикалық еңбек дүниеге келдi.
Алтын Орда мемлекетi кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны) Хорезмидiң “Мұхаббатнамасы”, Сайф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гүлстан”, Құтыптың “Хусурау –Шырын” сияқты туындылары сол кездегi жас ұрпақ тәрбиесiне оң ықпал тигiздi.
Бұл шығармаларда ел қорғау мәселесi, махаббат, ар-ождан, адамгершiлiк қасиеттер марапатталды. Жастардың қайратты, арлы, намысқор, өнерлi болып өсуiн мақсат еттi.

Бақылау сұрақтары:



  1. Әл-Фарабидiң адам тәрбиесiн жетiлдiру туралы ойлары.

  2. Ж.Баласағұнидiң адамгершiлiк, ар-ождан, тiл туралы ой-пiкiрлерi.

  3. А.Яссауи софылық iлiмнiң негiзiн салушы.

  4. М.Қашқаридың ел-жер тарихы, тiл өнерi жайындағы этнографиялық еңбегiнiң тәлiмдiк мәнi.

  5. А.Иүгiнекидiң “Ақиқат сыйында” айтылатын дидактикалық ақыл-нақылдардың мәнi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет