Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә



бет1/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Этнопедагогика. китап Каз.


ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан–2030” бағдарламасында көрсеткендей, Қазақстандық патриотизмге негiзделуi керек.
Сондай-ақ Қазақстан үкiметi қабылдаған “Бiлiм туралы” заңның “Бiлiм жүйесi” деп аталатын екiншi бөлiмiнде “Бiлiм жүйесiнiң басты мiндеттерi: Қазақстан Республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау… Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн… Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, Отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген… Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – Қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек” делiнген.
Осы мiндеттердi ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеушi келешек ұстаздар қауымы – бүгiнгi жоғары оқу орындарында оқып, бiлiм алып жатқан студент-жастар болмақ.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негiздерi мен тәлiмдiк мәнiн ғылыми педагогикалық тұрғыда игерудiң теориясы мен әдiс-тәсiлдерiн меңгерту мәселесiмен этнопедагогика пәнi айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу нысаны – халықтардың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеу тәжiрибесi. Этнопедагогика пәнiнде этностар мәдениетiн айқындаудың методологиялық негiздерi болмыстық-философиялық, тұрмыстық-этнологиялық, шаруашылық-экономикалық, тарихи-әлеуметтiк және биологиялық бөлшегi деп, әрi табиғатты саналы түрде игерушi, қоғамдық-материалдық және рухани байлықтарды жасаушы күш деп қарау көзделген.
Бұл пәннiң методологиялық негiзi бойынша этностардың туып, дамып, қалыптасуын, кейiн “кәртәйiп” өлуiн табиғи-биологиялық, географиялық, климаттық жағдайларға байланысты да қарастыру сөз болады. Этностар мәдениетiнiң дамуын қоғамдық фармациялардың даму процесiмен байланысты деп қарайды. Осымен байланысты қазақ этносының даму кезеңiн шартты түрде 8 кезеңге бөлiп қарастыру, әр кезеңдегi тәрбиенiң өзiндiк ерекшелiктерiмен көзге тусуi, этностар мәдениетiн дамытудағы ұлы тұлғалардың тәлiмгерлiк-қайраткерлiк еңбектерi, салт-дәстүрлердiң мәдени мұра-ескерткiштерден, ұлттық өнер түрлерiнен көрiнiс табуы, ҮI -ғ. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерiнiң, орта ғасыр ойшылдары (Қорқыт атадан басталып, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашғари, А.Яссауи т.б) еңбектерiнiң тәлiмгерлiк мәнi, ХҮ-ХҮIII ғ.ғ. ақын-жыраулардың педагогикалық ойлары, ХIХ-ХХ ғ.ғ. қазақ ағартушылары мен педагог-қайраткерлердiң педагогоикалық еңбектерi жан-жақты талданады.
Әр дәрiс бойынша оқытушы мен студенттер арасында еркiн пiкiр алысу, әңгiме-сұхбат жасалып, студенттердiң өз бетiмен iздене бiлiмдi терең меңгеруiне бағытталған сұрау-тапсырмалар мен пайдаланылатын әдебиеттер тiзiмi берiледi.
Сондай-ақ рефераттардың тақырыптары ұсынылады. Ондағы басты принцип студенттердiң өз беттерiмен бiлiмдерiн тереңдетуге жол ашу, мүмкiндiк туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет