Қазақстанның ежелгі тарихы


«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж.)



бет24/40
Дата14.03.2023
өлшемі360 Kb.
#74247
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
4.9. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж.)
М.С Горбачев (1985-1991 жж). Елді басқаруда реформалық бағыттың үстемдік алуы. Жариялылық. Экономикалық реформалар. Экономикалық тәуелсіздікке бағытталған жартыкеш шаралардың іске асырылуы. Республикада экономикалық өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру концепциясының қалыптасуы. Экономиканы басқару жүйесіндегі өзгерістер. Одақтық басқаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан үкіметінің қарауына өтуі, т.б. шаралар.
Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған Д.А.Қонаевтың (1961-1985 жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В.Колбиннің (1986-1990 жж.) келуі. Желтоқсан оқиғалары. 1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастардың демократия принциптері үшін бас көтеруі. КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасының «ұлтшылдық» деп бағалануы. 1991 ж. 12 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы. Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрған «Желтоқсан»партиясы.
1989 жылғы «Жаңа өзен оқиғасы». Бейресми қоғамдық қозғалыстардың өмірге келуі. «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. 1988 ж. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. ресми ақталуы. 1989 ж. ақпан «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы. 1989 ж. 22 қыркүйек Қазақ КСР-інде қабылданған «Тілдер туралы Заң». ХХ ғасырдың 80-жылдарында М.Шаханов басқарған Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитет қызметі. 1991 ж. 28 тамыз Семей ядролық полигонының жабылуы. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон. Кеңес Одағының Ауғаныстаннан әскерін әкетуі.
Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуы. КСРО-ның өмір сүруінің толықтай аяқталуы. 1990 ж. сәуір Республикада Президенттік қызмет орнын құру. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның жариялануы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет