Қазақстанның ежелгі тарихы



бет1/40
Дата14.03.2023
өлшемі360 Kb.
#74247
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ


1.1. Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы). Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және Ж.Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері.
Мезолит (орта тас ғасыры). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстандағы мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер.
Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. (В.Ф.Зайберттің зерттеулері). Аңшылық.
Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет