4.6. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1956 жж.) Кеңес халқының бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт. 1947 ж. азық-түлік және өндірістік тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің жойылуы.
Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тыйым салу. Нарықтық қатынастарға қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы.
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста тұтқынға түсіп оралғандардың ауыр жағдайы. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. 1946 ж. Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуы. Қ.И.Сәтпаев Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті. 1949 ж. қазақ жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағының берілуі. «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің жарық көруі және авторлары. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.
«Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы. «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі. 1952 ж. Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылуы. Орыс халқына қатысты бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. 1948 ж. КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша Қазақстан жерінде (Семей, Павлодар, Қарағанды обл. түйіскен жерінде) салынған ядролық полигон. 1949 ж. Семей полигонында өткізілген ядролық сынақ. Республикадағы транспорт жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).