4.3. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында. Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында Кеңес үкіметінің орнауы. Перовск Сырдария облысында алғаш Кеңес өкіметі орнаған қала. Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер.
Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Черкасск қорғанысына қатысушылар әскерінің Анненков әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу майданының жойылуы. Азамат соғысы кезінде Ә.Жангельдин экспедициясының Ақтөбе майданын қару-жарақпен қамтамасыз етуі. 1920 ж. наурызында Қазақстандағы азамат соғысы аяқталуы.
1919 ж. 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. 1920 ж. Алашорда үкіметінің жойылуы. БОАК-нің «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік Автономиялық республикасын» құру туралы шешімі. 1920 ж. 26 тамыз Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 1920 ж. 4 қазан Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. Сырдария, Жетісу облыстары ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына енген облыстар.
4.4. Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде