Заң актілері - тарихи дерек көзі. Заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы, орыны, ерекшелігі. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеу методтары. «Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Жеті жарғы" – қазақ қоғамы тарихының дерегі.
ХЊІІІ-ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
Батырлар жыры - қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестарихының дерегі. Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. "Абылай хан", "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", "Наурызбай батыр", «Өтеген батыр" т.б. жырларға.
Іс-қағаздық құжаттар. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және дамуы. Оларды құрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды сыныптау. Іс-қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы.
Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және Санкт- Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының қорлары.
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті мекемелер: Батыс-Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.
Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процесстерінің материалдары қазақтардың ұлт-азаттығы үшін жүргізген күрес тарихының дерегі. Саяси қуғын-сүргін және сот процесстерінің құжаттарының жалпы сипаттамасы. Саяси іздеу және бақылау органдарының материалдары. Олардың негізгі түрлері. Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының, Омбы сот палатасының, Орынбор губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихының деректерін сыныптауы және олардың сипаты, деректік ерекшеліктері, шынайылық деңгейі туралы.
XX ғ. басындағы қазақ зиялыларына және "Қазақ" газетіне қатысты пайда болған бақылау және сот құжаттарының өткен ғасырдың басындағы еліміздегі азаттық үшін жүргізілген күрес тарихының деректері. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының деректері.