Қазақстанның ежелгі тарихы



бет9/40
Дата18.09.2022
өлшемі360 Kb.
#39412
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Әмір Темір жорықтары. Әмір Темірдің өмірі мен қызметі жөніндегі деректер мен зерттеулер. ХІҮ ғ ортасындағы Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайы. Әмір Темірдің билікке келуі (1370-1405), оны қолдаған саяси күштер мен топтар. Әмір Темірдің Мауреннахрда бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясаты. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары. Ақ Ордамен күрес. Алтын Орда ханы Тоқтамыс әскерімен (1391, 1395), түрік сұлтаны Баязид әскерімен Анкара түбіндегі (1402) шайқастары, олардың түркі халықтары үшін трагедиялық зардаптары. Әмір Темірдің қайтыс болуы. Әмір Темірдің Түркістан тарихында алатын орны. Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің билігі. Әмір Темір және оның мұрагері тұсындағы мәдениет. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салынуы. Қала мәдениеті. Ұлұқбек мырза. Захараддин Бабыр. Әлішер Науаи және түркі тіліндегі әдебиеттің дамуы. Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыруы. ХҮІ ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар. Жошы хан кесенесі.
Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.



    1. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

Этногенез мәселесі. Этникалық процесс туралы түсінік. Этникалық процеске қажет негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш жазба деректерде қолданылуы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері. Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі. Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұғым және оның этно-генетикалық процесте алар орны.
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы тұсындағы этникалық процестер. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ халқының қалыптасуы және Керей мен Жәнібек хандар ұлысына қазақ этнонимінің орнығуы жөнінде. Дешті Қыпшақ тайпаларына қазақ этнонимінің таралуы. ХҮ-ХҮІ ғғ. ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының аяқталуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет