Қазақстанның ежелгі тарихы


Түргеш қағанаты (704-756 жж.)



бет4/40
Дата18.09.2022
өлшемі360 Kb.
#39412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ

Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағанттағы саяси дағдарыс. Түргеш қағанатының құлауы.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының шығу тегі туралы жазба деректер. Қарлықтардың 746 жылы Алтай және Тарбағатайдан Жетісуға орналасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы, оның сыртқы саясаты. Қарлұқ бірлестігінің құрамына енген тайпалар. Қарлұқтар мен оғыздар. Ұйғыр қағанатымен күрес. Қарлұқ билеушілерінің қаған лауазымен қабылдауы. Саманилерге қарсы күрес. Испиджаб, Тараз қалаларын алуы. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар және Жібек жолы.
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). «Қарахандар әулеті» туралы ғылыми көзқарастар. Әулеттің этникалық негізін салған яғма, шігіл тайпалары. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Үкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Қарахан мемлекетінде Мұса ханның тұсында исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.
Қарахан мемлекетінің ішкі құрылымы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф), коммендация түрлері. Салық жүйесі. Иқта. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Қағанаттағы дағдарыс. Салжұқтардың көтерілуі. Қарақытай шапқыншылығы. Қарахандар мемлекетінің құлауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет