Бернштам баскарған экспедиция



Дата11.10.2024
өлшемі9,52 Kb.
#147762
Байланысты:
stud.kz 637


Бернштам баскарған экспедиция
1938 жылдан он жыл бойына А.Н.Бернштам баскарған экспедиция Тараз, Қойлық, Талғар, Каргалинка, Қара-шоқы, Жуан-төбе обаларында қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл экспедиция Тараз бен Испиджаб /Сайрам/ арасындағы керуен жолына орналасқан ескерткіштерді картаға түсірді.
1941-1945 жылдары Қазақстанда Ұлы Отан соғысына байланысты уакытша археологиялық жұмыстар тоқтатылды.
Соғыстан кейін 1945 жылы СССР Ғылым Академиясы Казфилиалының тарих институты жанынан дербес археологиялық бөлім ашылды.
1946 жылы Қазак ССР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институты Орталық Қазақстанды зерттеу ҮШІН А.Х.Марғұлан басқарған экспедиция ұйымдастырады. Бұл Қазақстан археологиясын жүйесі /системно/ зерттеудің бастамасы еді. 10 жыл ішінде бұл экспедиция Орталық Қазақстанның Павлодар облысында неолит, кола дәуірінің тұрақтарын, жартас суреттерін зерттеген.
Н.В.Валунский Жезқазған ауданындағы мыс шығаратын кендерді зерттеп, одан еңбек құралдарын тапқан.
1945-58 жылдары С.П.Толстова басқарған Хорезм экспедициясы Қызыл-Орда облысының археологиялық ескерткіштерін зерттейді.
С.П.Толстова біздің заманымызға дейінгі 1000 жылдықтың жар-тысынан ХІX ғ дейін әр кезеңге жататын жүздеген ескерткіштерді тіркейді.
1948 ж. Алтын-Асар қаласының үйінділерінде қазба жұмыстары жүргізіліп, ол жерден құрылыс конструкциялары табылған.
Табылған материалдар бойынша тайпалардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы анықталды.
1947 жылы СССР ҒА және ҚазССР ҒА ұйымдастырған экспедиция С.С.Черниковтың басқаруымен Шығыс Қазақстанды зерттей бастайды.
Бұлар Өскемен мен Бұқтарма Су электр станциясының су қойма алқаптарында /зоне затопления ГЭС/ қазба жұмыстарын жүргізеді.
1955 жылы Щульбинский су электростанциясының су қойма аймақтарында және Семей облысында экспедициялық жұмыстар жүргізіліп, қола дәуірі қорғандары мен обалары картаға түсірілді. Бұл экспедиция ежелгі Шығыс Қазақстанның тарихи дамуы жолдарын болжамдады.
1947 жылы Қазақстанның Орталық мұражайының /музей/ қызметкері Л.К.Нифонтова Семей облысы Абай ауданында қола дәуіріне жататын обаларда бірнеше қазба жұмыстарын жүргізді.
А.Н.Бернштам басқарған экспедиция ОҢТҮСТІК Қазақстанның Сырдария, Келес, Шу өзендері бойында көптеген қазба жұмыстарын жүргізіп, жоспарларды суретке түсірді /сьемка планов/, ескерт-кіштерге ғылыми анықтамалар берді. Ежелгі қала орнынан көптеген заттай материалдар жинады. Ежелгі тұрғындардың ататегін/генезис/ анықтау мақсатында Ақтөбе, Алтынтөбе, Тарсатөбе, Мардан-куюк, Пышақшы-төбе, Құйрық-төбе үйінділерінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде ежелгі тұрғындардың тіршілігін кезеңдерге бөліп, олардың ОҢТҮСТІК Қазақстанда пайда болуы отарлыққа /колонизация/ байланысты емес, еңбек өндіргіш КҮШІНІҢ /производственные силы/ пайда болуынан деп дәлелдеді. Қандай зерттеулер Құндытоғай, Бөржар, Тамды жерлерінде де болды.
1948 жылы О.А.Кравцова-Гракова басқарған мемлекеттік тарих мұражайының экспедициясы Қостанай облысы Садчикова ауылында кола дәуірінен қалған үгінділерді зерттеді.
Осы кезден бастап Саратов Мемлекеттік университеті мен Са-ратовтың Облыстық мұражайы бірлесіп И.В.Синицинның жетекшілігімен Нижнее Поволжье мен оған жалғасқан Батыс Қазақстан облысында археологиялық зерттеулер жүргізеді. Бұл экспедиция барысында табылған заттар кола дәуірінен бастап Алтын Орда дәуіріне дейінгі материалдарды берді.
1953 жылы Қазақстан ҒА Батыс Қазақстанға Т.Н.Сенигованың басшылығымен Орал ауданы, Раим, Қамыш-Самарск көлдері мен Үлкен, Кіші Өзен өзендерін зерттеп, 20 шақты обаларды қазып, көптеген материалдар жинаған.
1954 жылы ҚазақССР ҒА-ның тарих, археология және этнография институтының К.А.Акишев бастаған Іле экспедициясы Қапшағай су қойма аймақтарында қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл экспедиция Іле өзенінің оң және сол жағасын зерттеп, көптеген археологиялық ескерткіштер тауып, оларды тіркеп, картаға түсіреді. Табылған материалдардың көбісі үйсіндер кезеңіне жатады.
1954-56 жылдары тың жерлерді игеруге байланысты қосымша ар хеологиялық жұмыстар жүргізіледі.
Тың жерлерде 3 жылдың ішінде 10 археологиялық экспедиция 10-15 облысты зерттейді. Соның нәтижесінде көне дәуіріне жататын жүздеген жаңа ескерткіштер табылады. 600 ге жуық обалар қазылып қазақ халқының этногенезін анықтайтын антропологиялық материал-дар табылады.
1955 жылдан бастап Ақтөбе облысында археологиялиқ жұмыстарды СССР ҒА-ның Батыс-Қазақстан отряды В.С.Сорокинні басқаруымен Ақтөбе облысында кұрып бара жатқан кола дәуірінің Тастыбұлақ деген және де баска ескерткіштерді зерттейді.
1955-56 жылдары И.И.Копылов деген Казпидің оқытушысы Қапш ғайдағы Алексеевка поселкесіндегі және Іле бойындары Талғар көне кала орындауындағы ескі обаларды зерттейді.
Осы жылы СССР ҒА аспиранты А.В.Виноградов Арал теңізінің Солтүстік-Батыс жағынан 20 шақты жерлерді зерттеп кейінгі кель-минар мәдениетіне жататын шақпақ-тас құралдарын /кремниевые орудия/ тапкан.
1956 жылы Жамбыл облысының Көктал өзені бойынан Г.А.Ярмаков палеолит дәуірінің Мустьер кезеңіне жататын құралдарды тапкан.
Осы жылы А.Г.Максимова басқарған Жетісу экспедициясы Шілік селосы мен ескі Талғар қаласының орнынан сақ дәуірінің б.ғ.д /бүгінгі ғасырға дейінгі/ VII-V ғ-нsң ҮЙСІН кезеңіне жататын обаларды казған.
Келесі жылы Қарақұдық шатқалында / в урочище/ /Шу, Іле таула-
рында/ қазба жұмыстары жүргізіліп, қола дәуіріне жататын бала обасы, ертекөшпенді кезеңіне, ХV ғасырға жататын төбелер, соны-мен бірге Тамғалы шатқалындағы көптеген жартас суреттері зерт-теледі.
1957 жылдан ОҢТҮСТІК Қазақстан және Іле археологиялық экспе-дициялары Е.И.Агеевтің басқаруымен Баба-Ата Ортағасыр калалары-ның орны мен обалары зерттеледі. К.А.Акишев баскарған экспедиция үйсін дәуіріне жататын обаларды зерттеп, Бесшатыр обаларын казу-ды бастайды.
1957 жылы ОҢТҮСТІК Қазақстанда А.Х.Алпысбаев баскарған отряд төменгі және жоғарғы палеолит дәуірінен шақпақ тас құралдары және мәдени қабаты /культурный слой/ сақталған үңгір тұрақтарын тапқан.
Сонымен бірге кездейсоқ табылған ескерткіштер/случайные находки/ де бар. Мысалы, Павлодар облысының бірнеше обаларынан жебе ұштары /наконечники стрел/, кола сынасы/клин/, қыш ыдыс-тарының сынықтары т.б. табылған.
1936 жылы геолог Быков Қостанай облысын /с.Убага/ зерттеп шақпақ тас құралдарын, ал Бұланты өзенінің жағасынан жартас сурет-терін тапкан.
1936 жылы өлкетану жорығының /краеведческий поход/ мүшелері Алматы облысы Шілік тауларынан ақбекен, қасқыр, түлкі, тау ешкілерінің, садақ асынған аңшылардың жартасқа салынған суреттерін тапқан.
Алматы қаласының Дачный көшесінде рим тиыны /монета/ табылған. 1948ж. Казалинск қалалары мен Саксаульск станциялары жанынан неолит дәуіріне жататын көптеген материалдар табылған. Осы жылы Алматыдан 15 км жерде/Дом отдыха ЦК КПК/ 6 жез казад/котел/ табылып, оның біреуінде тау ешкісінің мүсіні болған.
А.X.Марғұланның көпжылдық жұмыстары Орталық Қазақстандағы алғашқы қоғамның пайда болуы мен ыдырауы, оның тарихы мен мәдениеті жайында көптеген материалдар берді. Орталық Қазақстанды Андронов мәдениетінің пайда болу орталығы десек, Жетісу - Сақ-үйсін тайпаларының материалды мәдениет орталығы болған дейміз.
Ортағасырда Қазақстанның мәдени орталығы -ОҢТҮСТІК Қазақстан аудандары болған. Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында отырықшы-шаруалар елді мекендері болған.
ОҢТҮСТІК Қазақстанда археологиялық үйінділер саны көп бол-ғандықтан бұл жер ортағасырдағы феодалдық қатынастарды, отырық-шы мен көшпенділер мәселелерін зерттеу орталығына айналды.
Археолог А.Алпысбаев Үлкен және Кіші Қаратауды зерттеп, Орта Азия мен Қазақстандағы төменгі палеолит тұрақтарын, алғашқы кауымның қолданған құралдарын тапқан. Сонымен алғашқы адам Қазақстан территорияларында будан 100.000 жылдар бұрын мекендеген.
Әсіресе Бес-шатыр /Іле өзені/ ескі обаларынан табылған сак көсемінің бөренелі/бревенчатое/ кесенесі және Шардарадағы /Сырда-рия/ жер асты куыс жерлерінде орналасқан қаңлы тайпаларына жа~ татын обаларды зерттеудің маңызы өте зор.
1959 жылы Актөбе және ОҢТҮСТІК Қазакстандағы Баба-ата елді мекендеріндегі археологиялық зерттеу жұмыстары бітіп,тамаша сакталған ертедегі күмбез сарайлар, тұрғын үйлер жайында мәліметтер берген,
Археологиялық материалдар Қазакстан территориясында адам баласының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі өмір кезеңдерін аныктауға МҮМКІНДІК береді.
Археологтардың айтуынша , Қазакстан территориясында адам ко-ғамының даму процесі палеолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін токтаусыз жүріп отырған.
Қазакстан территорияларында ежелгі тайпалардың ең көп дамыған кезеңі қола дәуірі мәдениеті. Ол туралы мәліметтер Қазакстанның барлық жерінен табылған.
Көп уакытка дейін Қазакстанда шаруашылық пен сауданың.кол-өнері? мен қала мәдениетінің пайда болу мәселелері белгісіз болып калды.
Кейінгі археологиялық ескерткіштерін зерттеу
нәтижесінде ОҢТҮСТІК Қазакстанда елді мекендердің пайуболуы коғамда өндіргіш күштердің /производительных сил/ пайда болуымен тығыз байланысты дейміз.
Қаланың ара қарай дацу процесі шаруалар мен өнершілердің тығыз байланысында, көшпенді мал шаруасы мен көшпенділердің бірте-бірте кала турғындарына айналуында болды.
1959 жылы Шардара су коймасы аймактарында казба жұмыстарын ҮШІН Шардара археологиялық әкспедициясы ұйымдастырылды. Отрядтарды басқарғандар А.Г.Максимова, М.С.Мерщиев,Б.И.Вайнберг, Д.Юевина. Экспедиция 1963 жылға дейін жұмсістеді, Осы уакыт ішінде ерте шаруашылықты елдімекен материалдарын берген яцш, бір-біріне жақын орналаскан Актөбе 2, Шаущукум,Актөбе I көне кала орны және тебелер мен обалардан казба жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде Сырдария орта ағыс аумағы бойынша ежелгі және ортағасыр- кезеңдерінен археологиялық материалдар алынды,
1969 жылдан Шьшкент облысында К.А.Акишев бастаған Отырар әкспедициясы жұмыс істей бастады. Отырардағы қазба жұмыстар өте кең көлемде жүргізілді, Көне кала орнының жоғарғы кабаты 60 мың кв.м қазылған, бұл кейінгі ортағасырлық қаланың үштен бірі, Осындай кыруар жұмыстың арқасында қала кұрылысының жоспары жасалып,тұрғын Үйлер мен кала тұрмысы оның әлеуметтік-эконвмикалық жағдайы аныкталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет