Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы


Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі75,9 Kb.
#112706
түріҚұрамы
1   2   3

Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы..

Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.

VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.


VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіретті

Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі

Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.


VIII ғасырдың ортасында Орталық Азия күрделі геосаяси ахуалды басынан кешірді. Күн шығыстан Тан империясы Орталық Азияға үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Умәуилер ұдайы жорықтарын жасады. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Умәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер (қарлұқтар) Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін Умәуилердің көмегіне сүйенді. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілерлің (қарлұқтардың) көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады.
Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы
желбіреді. Яғни, Ислам дінінің қазақ даласына орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты. Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуеренахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары
қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет