Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә. Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, 0. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды. Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмұхамед Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 жылы Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880— 1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937) бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді. Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие Ерте ортағасырдағы шiркеу мәдениетiнiң дамуы жүйелi бiлiм беру iсiне, мектептiң пайда болуына тiкелей ықпал жасады. Бұл кезеңдегi бiлiмнiң ұстаған бағыты – шiркеудiң догмалық идеяларын тарату болды. Бiрiншi рет шiркеу оқу бағдарламасын дайындау қажеттiлiгiн, онда христиан дiнiнiң қағидаларын оқыту мәселесiн көтерген философ және кейiнгi антикалық дiнтанушы Аврелий Августин (Блаженный Августин (353-430 ж.ж.)) едi. VII ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ирландияда монахтардың белсендiлiгi арқасында алғашқы шiркеу мектептерi ашылды. Монастырлық мектептерде бiлiм мазмұны Августиннiң шығармалары негiзiнде құрылды. Сонымен бiрге монастырь жанындағы мектептерде ежелгi қолжазбалар сақталғандықтан, олар оқу құралдары ретiнде пайдаланылды. Оның бiлiм бағдарламалары әлемдiк бiлiмдермен толықтырылып, христиан дiнiн уағыздауға көмегi тиетiн пәндер: тiлдердi игеру, тарих, диалектика, риторика, математика негiздерi оқытылды. Ерте ортағасырдағы монастырлық және кафедралық мектептердегi адамгершiлiк тәрбиеге ерекше назар аударылды. Дiни тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу, дiни шығармаларды оқу, дiндi уағыздау басты орын алды. Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес жыл бойы бастапқы деңгейде оқу, жазу, есептеу, ән айту пәндерi оқытылды; орта деңгейде – латын грамматикасы, риторика және диалектика; жоғары деңгейде – “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерi оқытылды.