І – бесжылдық жоспар 1928 – 1932жж. Қазіргі кезеңге дейін жалпы Кеңес Одағының І бесжылдықтағы жаңа белестері туралы бесжылдық мерзімінен бұрын, яғни 4 жыл 3 айда аяқталды, ауыр индустрия 108% - ға орындалды деп айтылып келді. Халықтан жасырылған шын мәнінде шындық қандай еді:
• көмір, мұнай, электр энергиясын өндіруден, трактор, автомобиль жасаудан, шойын, болат қорытудан т.б. жоспарланған көрсеткіштер орындалмады;
• мақта-мата өндіру 59%-ға, құмшекер, қант – 32%-ға жетті
• елдің ұлттық табысындағы өнекәсіптің үлес салмағы ауыл шаруашылығы үлесінен асты.
• ауыл шаруашылық өнімімен салыстырғанда, өнеркәсіп өнімінің үлес салмпғы 1928 жылғы 48%-дан 1932 жылы 70%-ға өсті.
II бесжылдық жоспары
ІІ бесжылдық жоспарды орындауда мемлекет қайраткерлері индустрияландыруды еңбекшілердің әл – ауқатын көтеруге көңіл аударумен байланыстарды, Сталиннің пікірімен келістірсек, ІІ – бесжылдық “қамшылауды ” енді талап етпеді. Социалистік жарыс, материалдық ынталандыруға жаңа сындарлы көзқарас стахановтың қозғалыстың тууына әкеліп соқтырды, бұл, өз кезегінде, жемістерін берді:
- өнеркәсіптің техникамен жабдықталынуы қарқынмен жүріп, өндірістің автомобиль, трактор, самолет жасау, электротехника, радио – өнеркәсібі т.б. сияқты салалары қалыптаса бастады;
- ауыл шаруашылық машиналары, трактордың бұрынғыдай сырттан әкелінуі айтарлықта тоқтады.
1933 – 37 жж белгіленген жоспардың 46 маңызды көрсеткіштерін талдай келе , жоспардың орындалуы 70 – 77% құраған.