Қазақстанның индустриялық дамуы



бет5/6
Дата19.05.2023
өлшемі0,84 Mb.
#94795
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-сынып Қазақстан тарихы Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Түрксіб темір жолы

  • 1927жылы – Түркістан – Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды.
  • В.С.Шатов – құрылыс бастығы.
  • Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.
  • РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары – Т. Рысқұлов 1894-1938жж – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы.
  • 1931 жылы қаңтарда пайдалануға берілді.

Индустрияландырудың жетістіктері:

  •  1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.
  • Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атыраубалық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, ТалдықорғандаМеркедеЖамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.
  • Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.
  • Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды.
  • Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды түрде өсуі ең алдымен деревняның ендіргіш күштерін күйрету есебінен болғанын айта кету керек. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі келікпен, тұрғын үй кұрылысымен, коммуналды - тұрмыстық қызмет керсетуді жаңғыртумен қатар жүрмеді. Индустрияландыру кезінде экономиканың көпсалалығы, жеке меншік және жұмыссыздық жойылды. Әлеуметтік салада байыпты өзгерістер орын алды: жұмысшы табының саны және мамандық дөрежесі өсті, жұмысшылар мен шаруалардан жаңа инженерлік - техникалық зиялылар тобы қалыптасты, басқарушылар аппараты өсті. Халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік тәсілмен басқару түпкілікті орнықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет