Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Шаруаларға үстеме салықтар салу;
Республикадағы барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау);
Орталық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. 1931-1934ж-2 мрлд137млн сом;
Өндірісті өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру;
Жазалау саясатын қолдану;
Ұжымдастыру және аштықтан бас суғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану
Индустрияландыру ерекшеліктері:
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді, мұнай ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды;
Билікті жұмысшы мамандар, имжинер-тенхник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді;
Жергілікті мамандар жетіспеді;
Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үстіндегі қоныстар, қала халқы көбейді; •1930 жылдың аяғы – қазақ халқы – 29,8%;
• 1939 жыл – қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты (1926 жылдан 5 есе көп);
•1926 жыл – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында қала мен қала үлесіндегі қоныстар – 16% жетті.
Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты.
• 1928 жылы – 19,8%,
• 1935 жылы -43%-ға өсті.
Қазақстандағы индустрияландыру көрінісі:
Орал–Ембі мұнайлы ауданын зерттеу.
Орталық Қазақстан минералды шикізат байлықтарын зерттеу.
Түркістан–Сібір темір жол магистралын салу.
Қарағанды шахталар кені, Балқаш Жезқазған кенді металлургия комбинаттары.
Ақтөбе комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты.
Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Донбастың жаңашыл басшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы стаханов ізбасары – қарағанды шахтері Түсіп Күзембаев. Стахановшылардың қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.