Шамшихан А.М. Туризмдегі ақпараттық технологиялар туралы 365
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАРУ-ЖАРАҚ ТҮРЛЕРІ
Б. Сайлан,
т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
Б. Раушанбек,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-курс магистранты
Сауыттың қасиеті - қылышпен ұрғанда, аттың қасиеті - жаудан алып шыққанда көрінер.
Қорқыт ата
Қазақ халқы ғасырлар бойы жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Ел мен жердің қамы үшін ат үстінде күн кешіп, қолындағы бес қаруына сеніп жауының құтын қашырып, мысын басқаны ауыздан-ауызға таралып бүгінге жетті.
97
Халқымыз қару-жарақты қадірлеп, жеті қазынаның біріне жатқызып, әдетте оларға қылышты, найзаны, садақты, сауытты, шоқпарды жатқызған. Қазақ батырлары соғыс
кезінде жекпе-жек шайқастарда садақпен ату, найзамен түйреу, қылышпен кесу, балталасу мен шоқпарласу түрінде өткен. Содан болар, халық арасында «Ер қаруы -
бес қару» деп айтылған. Қару-жарақ соғыс өрті толастамаған заманда аман қалудың, жан сақтаудың бірден-бір құралы болды. Қазақтың бес қаруының бірі – садақ пен оның жебесінің осынша көп түрі мен атауы болуы көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында күрделі даму жолының болғандығын байқаймыз. Көшпелі әскери өнердің өте жоғары деңгейде дамығанын, қазақтың қару-жарақтарының ертеден қалыптасқандығы, оның ұлтымыздың жауынгерлік салты мен қазақтың бойындағы жауынгерлік рухты қалыптастыруда алар орынын көрсетеді [1].
Әскери іс – ата кәсібі саналған, бар өмірі соғыста өтетін батырлардың кәсіптік әскери құралдары олардың қару-жарағы. Әскери құралдарды белгілейтін «қару-жарақ» қос сөзінде «қару» сөзі қолға ұстап қолданылатын шабуыл құралдарының жалпы атауы. «Қар» – қол деген мағынаны білдірсе , «қармау» – ұстау деген сөз. Осылармен түбірлес «қару» сөзі қолға ұстап қолданылатын шабуыл құралдарының жалпы атауы. «Қар» – қол деген мағынаны білдірсе, «қармау» – ұстау деген сөз. Осылармен түбірлес «қару» сөзі қолға ұстайтын құрал деген мағынаға сәйкес. Ал «жарақ» сөзі де осы күні қару сөзінің синонимі ретінде қолданылып жүр. Бірақ ертеде бұл сөздің мағынасы басқа болған. Махмуд Қашқари сөздігінде «көбе сауыт» дегенді білдіретін «кубе-иарық» сөзінің берілуі, көне түркі тілінде «жарық» (иарық) сөзі сауыт деген мағынада қолданылғанын көрсетеді, яғни денені қорғайтын құрал деген сөз. Орыс жылнамаларында қыпшақтардың(половецтердің) сауыт-дулығалары, яғни қорғаныс құралдары «ярыки, ярыцы» деп аталған. Орыстың ескі тілінде де түркі тілінен ауысқан «ярық» сөзі темір сауыт мағынасында қолданылады. Қазақ халық ауыз әдебиетінде, батырлар жырында да «жарақ» сөзі қорғаныс құралының жалпы атауы ретінде қарудан бөлек қолданылатынын көреміз.
Қару-жарақтың даму деңгейі – қай халықтың болса да соғыс өнерінің деңгейін білдіретін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш халықтың даму сатысына, техникалық жетістігіне, материалдық базасына т,б байланысты болады [2, 42-б.].
Көшпелі халықтар ер қаруы саналған бес қарудың әрқайсысының көптеген үлгілері, әрқилы нұсқалары түрліше қолдану әдістері болды. Әдеби деректер, археологиялық материалдар, бейнелеу өнерінің ескерткіштері және музейлерде сақталған үлгілер қазақ батырларының және қазақтың ата-тегі саналатын сақ, скиф, сармат, ғұн, түркі, қыпшақ, оғыз, т,б жауынгерлерінің қаруларының барлық түрлерін танып білуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар көшпелі түркі-монғол халықтарының қару жасау өнері, шеберлігі жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді. Тікелей қазақ жауынгерлерінің қарулары, олардың көне көшпелілер қаруымен тарихи байланысты, даму жолы т.б. туралы зерттеулер мүлде жоқтың қасы. Халқымыздың төл ауыз әдебиетіндегі қаруға қатысты көптеген тарихи деректер әлі ғылыми айналысқа іліккен жоқ. Осы уақытқа дейін қазақ халқының байырғы қару-жарағы жүйелі түрде зерттелмегендіктен қазақ тілінде қарутану саласында ғылыми тіл қалыптаспай, қазақ әскерлерінің бұрынғы кәсіби тілі ұмытылып, қаруға қатысты тіліміздегі атау терминдер жоғала бастады. Олардың бір қатары мүлде ұмытылып, ал кейбір сөздіктерге кірген аздаған атаулар осы күні бір-бірімен шатастырылып аталып жүр. Батырлар әлеуметтік жігімен тікелей байланысты қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінде (батырлар жыры, жыраулар поэзиясы) қарудың түрлерінің, бөліктерінің, оны жасау, өңдеудің әдістерінің, қолдану тәсілдерінің атаулары түгелдей қамтылған. Тек дұрыстап жинап, теріп, түсіне білуіміз керек. Қару атауларының мағынасын түсіну үшін қазақ тіліндегі қаруға қаруға қатысты сөздерді туыстас түркі тіліндегі атауларының магынасымен тбірге алып қарастырсақ тереңірек дұрысырақ түсінуге болады. Қазақ ауыз әдебиеті тек кейінгі қазақ өмірінің сипаты ғана емес, қазақ халқын құраған көнекөшпелі тайпалар өмірінің бізге жеткен белгісі . Сондықтан қазақтың қару өнерін тану жалпы көшпелілер қаруын жете тануға көмектеседі де, ал көне көшпелілердің бейнелеу өнері, оларға қатысты әдеби, жазба деректер, ғылыми зерттеулер,
98
басқа халықтардың бейнелеу өнеріндегі көшпелі жауынгерлердің бейнелері қазақ батырларының бізге жетпеген, сақталмаған қару үлгілерін қалпына келтіруге, даму тарихын түсінуге көмек болады. Қазақ батырларының қаруы – көшпелілер қаруының заңды жалғасы. Қазақтардың қару жасау, қолдану өнерінде көне дәстүрлер өткен ғасырларға дейін сақталып келді. Соғыста қолданылатын ер қаруының негізгі түрі бесеу болғанымен, ғасырлар бойы даму барысында әр қарудың бірнеше үлгілері пайда болып, әр түрлі формалары қалыптасып, жасалу жолдары күрделеніп, жетілдіріліп отырды [2, 49-б.].
Соғыс ісінің маңызды құрамдас элементтерінің бірі – жауынгерлік қарулармен жеке айқас жүргізу өнері – ұрыс өнері ғылыми еңбектерде осы уақытқа дейін зерттеу нысаны ретінде қарастырылмай келеді. От қаруы пайда болғанға дейін, өткен ғасырларда соғыс негізінен суық қару түрлерімен жүргізілген кездерде әр шайқас өз кульминациясында қоян-қолтық айқасқа ауысып, әрқашан жеке жауынгерлердің жекпе-жек сайысында бөлшектенетін де, ұрыстың тағдырын түптеп келгенде әр сарбаздың жауынгерлік, моральдық және психофизиологоиялық дайындығының деңгейін шешетін. Сонымен бірге, ертедегі және ортағасырдағы соғыс өнерінде жаумен айқас жүргізу тактикасы шайқас алдында жеке жауынгерлердің арнайы жекпе-жегін өткізуді де қамтитын. Сондықтан жауынгердің жеке айқасы – жеке ұрыс жүргізу өнері соғыс өнерінің негізінің бірі болса, бұл ұрыс өнерінің барлық ерекшелігі, моральдық-психологиялық қағидалары және жауынгердің қару жұмсау мен қорғанудың барлық әдіс-тәсілдерін қолдану шеберлігі толықтай көрініс табатын атақты батырлар жекпе-жегі бұл ұрыс өнерінің ең жоғарғы формасы болды [3, 63-б].
Қазақтар қаруды өте қатты қастерлеген. Ол жайында халық ауыз әдебиетінен көп мәлімет табуға болады. Жырларда қару-жарақтар тек өзінің жеке атауымен ғана емес, қару элементтерінің атымен немесе қарудың түр сипатына түсіне жасалу әдісіне байланысты да аталады.
Мысалы: Жырларда найзаға байланысты мынандай атаулар кездеседі: толғамалы ақнайза, емен сапты найза, алтықұлаш ақнайза, егеулі найза, жалаулы найза, күмбезді найза, қарағай найза, жебелі найза, қималы найза, қоңыраулы найза, шашақта найза, сырлы найза, т.б. Немесе семсер мен қылышқа байланысты атаулар: ақ семсер, алтықұлашты ақ семсер, көк семсер, алмас қылыш, жалаң қылыш, болат қылыш, алтын балдақ ақ қылыш, алдаспан,наркескен т.б. Садаққа байланысты: Бұлғары садақ, бұқаржай, көн садақ, қарағай садақ, т.б. Мылтыққа байланысты: алты қырлы ақмылтық, ақсырық мылтық, берен мылтық, білтелі мылтық, күмісті мылтық, орама мылтық, мысық құлақ мылтық, онекі құрсау жез айыр мылтық, сыр мылтық т.б. Қайран бабаларымыз болашақ ұрпақ соларды біліп жүрсін деп әдейі осылай істеп кеткендей
Қазақ үшін қару тек ұрыс құралы ғана емес. Қару – батырдың жанды серігі іспеттес. Жырларда батырлардың өз қаруымен серт жасасатын жерлері бар:
Алты атқа алған адырна Ата алмасам маған серт!..
Шым жібектен ескен кірісі Үзіліп кетсе саған серт!
Қазақ ертегілерінде де батырдың жаны оның қаруында болады деп суреттелуінің өзі қарудың қаншалықты қастерлі болғанын көреміз. Сондықтан да қазақтар қаруды ешқашанда қадірсіз іске жұмсамаған. Бұл батырлық кодекске қайшы болатын. Мысалы: Түркмендерде дәстүрлі этикет бойынша жақсы қылышты қыннан суырып, оны қолданбай қайта орнына салу жауынгер ердің дәрежесіне сай келмейтін.
Қазақ халқында адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, бақилық болғанға дейінгі барлық әдеп ғұрып, салт-дәстүрлерде қару қолданылған. Мысалы: егер екі қабат әйел көпке дейін босана алмай, қатты қиналса оны босандырмай жатқан албасты немесе марту деп сенген. Сол мартуды қуу үшін қылышты қынабынан шығарып әйелдің бас жағында ойнатып, үкі әкелдірген... Үйге еркектер кіріп, екі қолымен етектерін қағып, үлкендері төрге шығып білетін аяттарын оқыса, жастары шығып қару-жарақтарын салдырлататын, бар болса мылтық ататын. Ата-бабалардан қалған сауыт-сайман, кісе, айбалта, найза, қылыш, қамшы тәрізді
99
бұйымдарды үйдің ішіне іліп тастайтын. Бұл қазақтардың қару-жарақтың магиялық қасиетіне сенуінен ертеректе пайда болған дәстүр[4, 277-б.].
Қарудың орны үйдің ішінде болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Ал найза мен сүңгіні үйдің белдеуіне қыстырып қоятын болған. Бұл батырдың үйде екендігінің белгісі және найзаларға әртүрлі дәреже белгілері (байрақ, шашақ, ту) тағылатындықтан бұл кімнің, қай батырдың үйі екенін, оның дәрежесін, елде ме әлде жорықта екенін сырттан келген адам біліп отыратын. Сондай-ақ, найзаны өлім болған үйде «қара» тұрғызғанда қолданады. (Қара) дегені найза ұшына белгі байлауды айтады, мәйіт жас болса – қызыл, ересекке – ақ, орта жасар болса – бір жағы қара, бір жағы қызыл матадан құрап тіккен. Бұл «қаралы үйдің белгісі». Әрі-бері жүрген адамдар сол үйде өлім болғанын, марқұмның жас мөлшерін біліп, үйге кіріп көңіл айтқан. «Қара» көтергені ас береміз деген хабар. Сондықтан да әркім қаралы орынға келіпас-су ішіп дұға етеді, шаршаған тыныс алуға, шөлдеген сусындауға, аштар тойынуға сонда барады, осыдан «қарны ашқан қаралы үйге барсын» деген мәтел қалған. Қайтыс болған батырдың мұрагері жоқ болса бес қаруы өзімен бірге жерленген, немесе өзінің өтініші бойынша біреуге қалдырылатын.
Қазақтарда зират басында ертоқым мен найзаны, садақ пен жебелерді т.б әскери қару-жарақтарды қалдыру арқылы өлген адамның қаншалықты батыр болғанын белгісі еткен.Марқұмның құрметіне ас берілгенде де бәйгеден озып келгендерге сыйлық ретінде міндетті түрде сауыт-сайман аталатын болған.
Қарудың қай бір түрін жетік меңгерген батырларға сол қарудың атауы қосымша тіркелген. Мысалы: Исатай бастаған қөтерілісте Жұмыр Қылыш деген қол бастаған батырлардың бірі. Жұмырға қылыш атауының қосылуының өзіндік себебі бар. Жұмыр жауға шапқанда қылышты сілтеуі басқалардан мүлде өзгеше болады екен. Осыны білген жаудың Жұмырға қарсы келуге дәті шыдамаған деседі. Тағы бір қасиеті батырдың мойнынан қылыш түспеген, тіпті төсекке жатқанда да қылышын асынып жатады екен. Осындай қасиеттері үшін Жұмырдың атына қосымша Қылыш атауы тіркелген [4, 278-б.].
Қазақтардың қару-жарақ жасауға қолданған материалдары – өздерінің мал шаруашылығынан алынатын өнімдер және Қазақстан территориясында өндірілетін шикізаттар мен табиғи материалдар. Жауынгерлік қару-жарақтарға қойылатын талаптарға байланысты бұл табиғи және өндірме материалдар физикалық қасиеттері мен оларды өңдеу технологиясының деңгейіне сәйкес қарулардың әр түрлі функционалдық, конструктивтік бөліктері мен элементтерін жасауға пайдаланылады. Материалдық физикалық қасиеттерін терең білу арқылы оларды өңдеудің көптеген тәсілдерін тауып, оларды жетік меңгері қазақ шеберлеріне жақсы деңгейде жасалған жауынгерлік қару-жарақтар заттарын өндіруге мүмкіндік береді.
Қару-жарақ жасалатын материалдың түрлері. Мыс пен оның түрлі қорытпалары: қола, жез
– көшпелі халықтардың өте ертеден қару-жарақ өндіруге пайдаланған материалдары болды. Археологиялық қазбаларда табылған сақ-скиф-сармат тайпаларының қарулары мен сауыттары мыс пен оның қоспаларынан жасалған. Мыс – әр түрлі әдіспен өңдеуге қолайлы, өте жұмсақ металл болғандықтан ұсталарға соғу, құю, кесу, жону, пісіру, дәнекерлеу тәсілдері арқылы қажетті заттарды жасауға мол мүмкіндік берді.
Темір. Археологиялық ескерткіштер де көне түркілердің қару-жарақ өндіруде темірді кеңінен пайдаланганын көрсетеді.Археологиялық зерттеулер түркі заманындағы металлургия ескерткіштерін V-VІ ғасырларға жатқызады. Балқыту жолымен де, қыздырумен де, суықтай да соғу , кесу әр түрлі жолмен өңдеу және т,б әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы түрлі зат жасауға мол мүмкіндік беретін берік те қатты материал болғандықтан, темір де қазақтардың қару-жарақ жасауға қолданған негізгі материалы. Темірден сауыттар, жауынгерлік бас киімдер, оқтың, найзаның, балтаның бастары жасалды.
Болат. Бұл сөз түркі тілінде парсы-араб тілінен ауысқан, шыныққан құрыштың атауы (фулад, пулад) Болаттың түркі тіліндегі төл атауы – «алмас» Қазақтар да өрнекті болатты «жауһарлы болат» «жауһарлар» деп атаған. Алмасты (болатты) қазақтарда қару-жарақ жасауда жиі қолданылғанын ауыз әдебиеті деректері дәлелдейді. Музейлік материалдар
100
алмастан қылыш, семсерлер, түйреу қаруының бастары, оқтың ұштары, сауыт, дулығалар, қалқандар соғылғанын көрсетеді [5, 5-б.].
Еуразия даласын мекен еткен көшпелі тайпалар мен халықтардың өмірінде салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар маңызды орын алып, олардың дүние танымын ерекшелейді. Үш мың жылдан бері бұл дәстүрлердің бәрі дерлік көп өзгеріскге ұшырамай бүгінгі күнге дейін жетіп, ұлттық құндылықтарымызға айналып отыр. Олардың өміршеңдігі бүгінгі күні қазақ халқы үшін өзінің ұлттық сипатын сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпеудің бір кепілі болып тұрғандай. Бұл заңды да. Өйткені табиғи-географиялық, шаруашылық және дүние танымдық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір өмір-салтын ұстанған халық өз құндылықтар жүйесін салт-дәстүр, әдеттік-құқықтық нормалар, заңдар арқылы сақтайды. Көшпелі өркениеттерде осындай құқықтық әдет-ғұрыптар мен заңдар көшпелі дала өмірінің шаруашылық, некелік, қылмыстық, т.б. құқықтық қатынастарды реттеумен қатар тікелей әскери іс пен соғыс қажеттілігін өтеуде маңызды болды. Ал, әскери іс халықтың және мемлекеттің өміршеңдігін қамтамассыз етуде барлық тарихи кезеңдерде ең басты рөлдердің бірін атқарды[6, 1-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |