«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу. Балбал



бет3/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу.
Балбал- бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
Басқақ- монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы.
Билік- 1)Сый ретінде билерге берілетін дүние-мүліктің мешіт пайдасына берілетін салық.2)Қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Бизнес-( ағыл.business)- бизнес, табыскерлік.
Болашақ-бүгінгі шындықтың келешектегі қалпымен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым.
Білім-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдауларының т/б жиынтығы.
Блок-жалпы мақсатқа жету үшін саяси партияның немесе мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі жөніндегі келісім.
Блокада-бір мемлекеттер тобын соғыс, саяси немесе экономикалық жағдайынан басқа елден бөліп тастау, оқшаулау.
Б.Ұ.Ұ- 1945ж 25 сәуірде-26 маусымда Сан-Францискода өткен конференцияда құрылды.мақсаты:халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарым-қатынасты дамыту.Экономикалық мәселелерді шешуде халықаралық бірлестікте іске асыру.
Генерал-губернаторлық- бірнеше облыстардан құралған Ресейдің әкәмшілік- территориялық бірлігі.
Геноцид-халықтардың, кейбір топтардың нәсілдік, ұлттық, діни ерекшкліктерін жою, оларды біржола не жартылай кұрту үшін әдейі жағдайлар жасау әрекеттері.
ГУЛАГ-Лагерлер бас басқармасы.
Декларация-(лат.deklaratio) үкіметтің,саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат.
Демократия-(грек demos-халық және kratos-билік) қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі.
Демократиялық мемлекет- демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттің тұрпаты,демократиялық саяси жүйенің ұйытқысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет