Актуальды-қазіргі уақыт талабы үшін аса маңызды, көкейкесті.
Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақын-суырып салма яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.
Акция-тұтыну заттарына салынатын жанама салықтың бір түрі.
Акционер-(фр.-aktionaire- владелец акции)-акция иесі.
Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Автономия (грек аutonomia- өзін-өзі басқару, тәуелсіздік)-1)Бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы.