«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Эвакуация, лат.тіл-адамдарды,мекемелерді,кәсіпорындарды ұйымдасқан түрде көшіру. Этнография-



бет10/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Эвакуация, лат.тіл-адамдарды,мекемелерді,кәсіпорындарды ұйымдасқан түрде көшіру.
Этнография-(грек.etnos- народ, grapho-пишу)-әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.

Дәріс сабақтарының жоспары мен мазмұны
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
Дәріс №1 Кіріспе дәріс. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы пәні
1.Пәнге кіріспе. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
«Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «та­­бын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қа­зақ та­ри­хына арнап, тебірене жазған «Тарих толқынында» атты кітабында.
Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор. Оның қоғам­да­­ғы орны күннен күнге артып, ұлттық сананы қалыптастыруда таптырмас құралға айналып отыр. Әң­гіме сол құралды тиімді әрі ұтымды пайдалана білуде.
Антика заманында өмір сүріп, «біз тарих жазбаймыз, біз өмір­ба­ян жазамыз» де­ген қа­­­­натты сөздің авторы Плутарх өзі жаз­ған «Са­­лыс­тырмалы өмірбаян» еңбегінің жас­тар­ды тәр­­­биелеу ісінде тап­тыр­май­тын құрал екендігін айтқан болатын. Бұл кітап жас­тарға өздеріне де­­й­ін өмір сүрген тарихи тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар жандар бо­ла­тын­­ды­ғына кәміл сенді. Сол дәуірде сол елде өмір сүрген Гай Сал­люс­тий Крисп, Прокөпий Кесарийский си­яқты авторлар да та­рих­тың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.
Тарихи білімнің келешек ұрпақтың ғылыми көзқарасының қа­лып­та­суында атқаратын қыз­­меті талас тудырмауға тиісті. ХІХ ғасырда Ев­ропа елдерінде тарих орта мектеп бағдар­ла­­мала­рын­да өзінің заңды оры­нын иемденді. Оны міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шы­­­ға­рып, мек­­­­тептен тыс оқылатын сабақ ретінде қарастыру жа­ғда­й­­ының орын алған уа­қыт­тары да бол­ған. Бірақ, мұндай әрекеттердің бар­лығы сәтсіздікке ұшырап, тарих пәні оқу орындарын­да­ғы өз­і­­­нің мәр­тебелі орнына қайта оралды. Әлемдегі тарихи процесстерге қа­нық­паған оқушылар ба­с­­қа пәндерді, әсіресе қоғамдық ғылымдарды иге­руге құлық та­ныт­­­пайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет