Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі



бет2/3
Дата09.05.2023
өлшемі1,89 Mb.
#91109
1   2   3

Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян жатады. Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Марал.

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді.Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Қырғи Шіл Бұлдырық

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі ( қараторғай, бозторғай, шымшық торғай) кездеседі. Дуадақ Тырна Борсық

Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Ала жертесер, сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, құстардан сексеуіл жорға торғайы, дала бүркіт, бөктергі, ақ құйрық сауысқан бар. Кірпі Кесіртке Жылан

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шымшық торғай,т.б. Батыс Тянь- Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры,имек тұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық,елік,ақ тышқан жіне балық түрлеріне бай. Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі бар. Сілеусін Бұғы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет