Қазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады.Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында теңіз жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты өсіп тұрған. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан. Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Сырдария-Қаратау флорасы өте бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән,басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Қаратау жотасы.
Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Самырсын Бал қарағай Долана
Алтай тауы. Жоңғар Алатауы. Тянь-Шань тау.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4млн гектар жерін ғана ормандар алып жатыр.Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл , жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі. Жыңғыл Жиде