Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет6/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
жауап тарих

2 сұрақ :


Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:
• бірінші шайқас — 1635 жылы
•екіншісі — 1643-1644 жылдары
• үшіншісі — 1652 жылы

3 сұрақ :


1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай тұтқын тіркелген.
СТЕПЛАГ - далалық лагер
ҚАРЛАГ - ерекше режимді Қарағанды еңбек түзеу лагері
ЧСИР-отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагер
Алжир - отанға опасыздық жасаған әйелдер Ақмола лагері
Гулаг - лагерлер бас басқармасы
Үштіктер - үш адамнаң құралған комиссия


7 Билет :


1 сұрақ :Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.Билеушісі шаньюй.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

2 сұрақ :


Өткен жері: Бұланты — Қара сиыр
Аңырақай — Балқаш көлінің оңтүстік батыс жағындағы Итішпес Италия.
Болған жылы: Бұланты — 1723-1725.
Аңырақай — 1729 (н/м 1730)
Нәтижесі: Бұланты — бұл шайқаста жеңіске жетті бірақ көптеген адамдар қаза тапты.
Аңырақай — Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алауыздықты қойып, күшбіріктірудің арқасында жауға қарсы жұмысы күресіп, тамаша жеңіске жетті.
Тарихи маңызы: Бұланты — Қанды шайқас болған жердің аты Қалмақырылған деген атаумен қазақ халқының есіңде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды.
Аңырақай — Шайқас даласында жоңғарлардың есеңдіреген жеңіске ұшырап, аңырап қалған жері. Аңырақай аталып кеткені көрінеді.
3 сұрақ : ҰОС Қазақстан майдан арсеналы:Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында онда стратегиялық мәні бар адам және табиғи ресурстары болды. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн адам болған, соның 1,5 миллионы қолына қару алып, майданға аттанды. Мұнан басқа 1916 жылғы патша тәжірибесіне сүйенген сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халқы және арнайы көшірілген адамдары жаппай жұмылдырылған еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдерін жасақтап қойған болатын, оған қатыстырылған адам саны 700 мыңнан асты. Тіпті 1,5 млн тұрғынды қоспағанның өзінде, жаппай жұмылдыру шарасының пайыздық көрсеткіші жоғары болды: майдан мен қорғаныс өнеркәсібіне республикамыздың әрбір төртінші адамы аттандырылды.Қазақстанда 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизиясы, сондай-ақ жеті атқыштар бригадасы, түрлі әскер түрінен құралған 50 шақты жекелеген полк пен батальон жасақталды.Қазақстан құрамасының әскери жолы 1941 жылдың қаһарлы уақытында Мәскеу түбінде басталып, 1945 жылдың көктемінде Берлинде аяқталды. Рейхстагқа жеңіс туын тіккендер арасында жерлестеріміз Рахымжан Қошқарбаев пен Илья Сьянов болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет