Азат елде азаматы ержеткен қазақ халқының тарихы бір арнаға тоғысып, тағдыры бір мақсатқа бұрылды. Боз көдесі мен жусанын самал желі тербеген кең сахараның бедерлі тұсына көшіп келген қандастар шаңырағын тігіп, уығын қадады
Азат елде азаматы ержеткен қазақ халқының тарихы бір арнаға тоғысып, тағдыры бір мақсатқа бұрылды. Боз көдесі мен жусанын самал желі тербеген кең сахараның бедерлі тұсына көшіп келген қандастар шаңырағын тігіп, уығын қадады. Тарихи Отанына үлкен махаббатпен бет түзеген сол қандастарымыз қоғамның әр саласынан өз орындарын тауып, ел іргесінің нықталуына, Отанының гүлденуіне қал-қадірінше өз үлестерін қосып, жұртына ілкімді ісімен танылды. Осының бәрі - Тәуелсіздіктің жемісі.