Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін дәстүрлер көп,- дейді Құралай Сәрсембина. Өйткені этнографтың айтуынша, ұрпақ жалғастығына, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор болған


-мәтін Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің



бет2/4
Дата22.01.2022
өлшемі34,84 Kb.
#24187
1   2   3   4
5-мәтін
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме

қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді.

Қыз әкесіне :

- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.



Бойжеткен-девушка (16-17лет)

Ұршық- прялка

Мүлік-имущество

14. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы


A) Бөпе
B) Бозбала
C) Қыз
Д) қарт
E) Сәби

15. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»

A) Ұршық, кітап.

B) Жарық бөлме, жабық бөлме.

C) Ата-ана, ас.

Д) Бау-бақша, байлық.

E) Әсем үй, жабық бөлме.

16. Мәтіндегі «үйдің» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

А) ілік септік

В) табыс септік

С) жатыс септік

Д) көмектес септік

Е) атау септік

17. Қыз жабық бөлмені ашқанда не көреді?

А) тек ұршық

В) кітап


С) ұршық пен кітап

Д) қалам мен қағаз

Е) қалам
6-мәтін

Ақан он алты,он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса, Ақан сонда жүреді.Ол Құлагер деген атты бір ат,бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады.

Әлібек деген кісі Ақанға өзінің Қараторғай деген бүркітін сыйлайды.

Күшік күнінде Базаралы атты тазыны сатып алады.Тағы біреуден Көкжендет деген қаршығаны қалап алады.

Енді Ақан тек әнші, ақын ғана емес, даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші,өзі аңшы сұлу жігіттің атағы халық арасына тез жайылады.

Әуестену – увлекаться

Шілдехана-праздник в честь новорожденного

Тазы- тазы (подвид среднеазиатской борзой собаки).

Қаршыға- ястреб

18. Ақан неше жасында өнерге әуес болады ?

А) он бес

В) он тоғыз жасынан

С) жиырма жасынан

Д) жиырма екі жасынан

Е) он алты жасынан

19. Ақанның бүркітінің есімі?

А) Торғай

В) Базаралы

С) Құлагер

Д) Қараторғай

Е) Көкжендет

20. Ақанның жылқысының есімі?

А) Қараторғай

В) Көкжендет

С) Құлагер

Д) Базаралы

Е) Тайбурыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет