Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін дәстүрлер көп,- дейді Құралай Сәрсембина. Өйткені этнографтың айтуынша, ұрпақ жалғастығына, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор болған



бет3/4
Дата22.01.2022
өлшемі34,84 Kb.
#24187
1   2   3   4
ІІ-нұсқа

1-мәтін

Аққу – киелі құс. Аққулар алыс Африкадан көктемде келіп, күзде ұшып кетеді. Қазақ халқы аққуларды атпаған. Оны атқан адамды аққудың киесі ұрады деп есептейді.  Аққуды нәзіктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп санайды. Әдемі, сұлу қыздарын аққуға теңейді. Аққулар екеу болып өмір сүреді және жұптарын жазбайды.  Біздің Қазақстанда аққудың екі түрі кездеседі. Аққу табиғаттың қайталанбас, сұлу көрінісі.

1. Не себепті аққуды атуға болмайды?

А) аппақ құс болғандықтан

В) киесі бар

С) адалдықтың белгісі болғандықтан

Д) құсты атуға болмайды

Е) аққу сан аз болғандықтан

2. Елімізде аққудың неше түрі кездеседі?

А) бір

В) үш


С) екі

Д) төрт


Е) алты

3. Асты сызылған сөзді қай сөз алмастыра алады?

А) бөлек жүреді

В) жеке жүреді

С) дара жүреді

Д) бірге жүреді

Е) бір-бірден жүреді
2-мәтін



Баяғы заманда қақсыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты. Бір күні қасқыр мен түлкі «кімді жесек екен» деп сылтау іздей бастайды. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа келіп былай депті: - О, патшам, біздің ағзығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинай алмадық. Сондықтан біздің біреуімізді жеуімізді өтінеміз. Жомарт түйе шыдамай, өзін жеуді ұсынды. Қасқыр мен түлкі бірінші болып бас салып, соңынан жолбарыста қосылыпты.

4. Ертегі не жайында айтылған?

А) Адалдық

В) аңқаулық

С) батырлық

Д) аштық

5. Түйенің іс-әрекетінен қандай ой түюге болады?

А) аңғал болуға болмайды

В) алдауға болмайды

С) жомарт болуға болмайды

Д) жаман болуға болмайды

Е) жақсы болу қажет

6. Түлкі не үшін жолбарысқа өздерінің біреуін жеуді ұсынды?

А) Олардың азықтары біткендіктен

В) жолбарысты жегісі келгендіктен

С) түйені жеу үшін

Д) түйені аштықтан алып қалу үшін

Е) достықтарын бұзу үшін

3-мәтін

Астанада мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.

    Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,

әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ киімі қойылған.

    Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған. 

7. Балаларға қандай мұражай ұнады?

А) тарихи мұражай

В) мәдени мұражай

С) әдеби мұражай

Д) археология мұражайы

Е) әлеуметтік мұражай

8. Мұражайдағы экспонанттар нені білдіреді?

А) еңбек құралдарын

В) ата-бабаларымызды

С) қандай тайпалар мекендегенін

Д) жауынгерлерді

Е) елді-мекендерді

9. «Балалар» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

А) жіктік

В) көптік

С) түбір

Д) қосымша

Е) тәуелдік

10. Жауынгер киімі қайдан табылды?

А) Алматыдан

В) Есік қорғанынан

С) Ресейден

Д) Қытайдан

Е) Елордадан
4-мәтін

Мұнай қашан өндірілді? Қазіргі кезде мұнайды бәрі біледі. Ол болмаса ұшақтар ұшпай, көліктер жүрмей, жарықсыз, жылусыз қалар едік. Адамдар әуелден –ақ мұнайдың қадір-қасиетін білген. Жер бетіне шығып жататын мұнайдан дәрі-дәрмек жасаған. Ал өндіріс үшін оны өңдеу 1859 жылдың тамыз айынан басталыпты. Американдық заңгер Георг Биссел мұнайдың құрамын тексеру үшін лаботорияға береді. Нәтижесінде оны құрамынан жағармай, басқа да химиялық қоспалар анықталды.

11. Мұнайдың құрамын кім тексерді?

А) ғалымдар

В) американдық заңгер

С) американдық ғалым

Д) химик

Е) лабораториядағы адамдар

12. Мұнайдың құрамында не бар?

А) жағармай

В) оттегі

С) ауа

Д) түрлі қоспалар

Е) керекті заттар

13. Ол болмаса ұшақтар ұшпай, көліктер жүрмей қалар еді. Не туралы айтылып тұр?

А) мұнай

В) қажеттілік

С) дәрі-дәрмек

Д) жағармай

Е) химиялық қоспалар
5-мәтін

Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол ат-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсірген. Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді. Алматы жеріне отырғызады.

Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді. Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтілді. Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.

14. Мәтінге сай тақырып?

А) Алма

В) апорт тарихы

С) Редько ата

Д) Орал қаласы

Е) алманы өсуі

15. Алма ағашы жаңа қонысында қалай өседі?

А) жапырақ жаяды, бірақ жеміс бермейді

В) ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі



С) ата-мекенге қарағанда, Алматыда аз жеміс береді

Д) дәмі өзгеріп, жеуге жарамайды

Е) Оралға қарағанда өсуі баяулайды

16. Редько атты шаруа Алматыға қалай, немен жетеді?

А) жаяу

В) ат арбамен

С) поезбен

Д) көлікпен

Е) өгізбен
6-мәтін
1984 жылдың 1-қыркүйегінде ҚСРО Жоғары Кеңесімен Білім күні ресми мереке ретінде тағайындалды. 1қыркүйекті бүкіл адамдар асыға күтіп, қуана мерекелейді. Бұл күні оқушылар мен студенттерде жаңа оқу жылы басталады. Таңертең ерте тұрып, жарасымды киінген оқушылар қолдарына бір-бір шоқ гүлін ұстап мектепке барады. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол, әсіресе, 1-сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Ел аумағында білім күніне арналған салтанатты линейкалар барлық мектептерде өткізіледі. Күміс қоңырау сыңғыры барша оқушыларды мектепке шақырады.

17. Алғашқы қоңырау әсіресе кімдер үшін маңызды?

А) балалар үшін

В) сәбилер үшін

С) 1-сыныпқа баратындар үшін

Д) ересек топтар үшін

Е) оқушылар үшін

18. Мәтінде асты сызылған сөзді алмастыратын сөзді табыңыз?

А) орындалды

В) жасалды

С) қабылданды

Д) бекітілді

Е) анықталды

19. Ресми мереке ретінде білім күні қашан тағайындалды?

А) 1984

В) 1985


С) 1986

Д) 1990


Е) 1983

20. 1-ҚЫРКҮЙЕК ....

А) білім күні

В) ресми мереке

С) айтулы мекере

Д) маңызды күн



Е) тәуелсіздік күні



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет