Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің құрылуы.
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы — 1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, 1846 жылы 21 қаңтарда “Бөкей Ордасын уақытша басқару жобасы” негізінде құрылды.Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) жаңа хан тағайындалған жоқ. Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
- Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.
- Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
Реформа нәтижесі.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
Жауап: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті. Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: |