Қазақтардың күнделікті өміріндегі діни сәулет орындарының маңызы
Ұланғайыр еліміздің аумағынан ғаламшардың түрлі бұрыш-бұрышындағы туристтерді соншалықты еліктіретін, кез келген дүниені табуға болады. Мысалы, мәңгі аппақ қар жамылған таулар, сұлулығы сипатталмас көлдер мен өзендер, ормандар, ұлан-байтақ шөл дала мен далалар, шатқалдар, үңгірлер және тағы басқалары. Осының барлығы көзді қуантатыны және саяхатшылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз, бірақ, сонда да... Кейде шынымен де, ерекше бір ғажайып нәрсені көргін келетіні бар емес пе? Ашықхаттан немесе теледидардан табиғат туралы бағдарламадан көре алмайтын, әлдебір біртүрлі, киелі нәрсені. Энергиямен қуаттанып, өткен заманның сыры мен құпиясына толы атмосфераға батып, ғажайып туралы сұрайтын жер болса ғой... Әрине, Қазақстанда мұндай жерлер бар! Сіздерге арнап, тіпті тіс қаққан туристтерді өзін-өзі ұмытарлық жағдайға келтіруге қабілеті бар, ең ғажайып, ең мистикалық және ең ерекше діни жерлердің бестігін жинадық.
Жаркенттегі мешіт
Санақты Жаркент қаласының орталығында орналасқан, бір едәуір қызығушылық тудыратын құрылыстан бастайық, бұл өзіне сөз жеткізе алмастай, бейнелі түрде қытайлық және ортаазиялық стильдердің басын қосқан мешіт. Бір ойда қалатыны, оның құрылысына мешітте осы өңірде тұрып жатқан, дерлік барлық ұлттардың дәстүрлі халық мақамдарын іске асыра алған белгілі қытайлық сәулетші Хон Пик шақырылған. Хон Пик ешқашан Қытайдың өзінде де, осы мешіттен асқан әсем ештеңені өмірінде салып та көрмеген деген аңыз бар. Мұны естіген Аспанасты елінің императоры ашуланып, елге оралған сәулетшіні өлтірді. Өкінішке орай, оның көптеген жұмыстары уақыт сынағынан өте алмады, бірақ Жаркент мешіті, бұл-бір ерекше бірнәрсе. Күрделі қирау әкелген, 1910 жылы орын алған, күшті жер сілкінісі қасиетті ғимаратты аяған. Ал ол, аңызға айналған тянь-шань шыршасының діңгектерінен, бір де бір шеге қақпай салынған ғой!
Әрине, мешіт уақыт өте тозығып та кетті және уақыттың тынысы да сезіле бастады, бірақ қасиетті орынның қалпы әлсізденетін емес, бұл жерден кеткің келмейді, ал жылулық пен жайлылық сезімі ішіне кіргеннің алғашқы минутынан бастап, өзіңді баурап алады. Кіру порталынан бастап, шығыс мақамдарының әсерін сезінесіз: айбарлы орталық арка, мұнаралар, картуштар, ғажайып жануарлар мен өсімдіктерді бейнелейтін, қабырғаларға салынған тамаша сурет. Ал, ішінде, Сізді, онан да қызық көрініс күтіп тұр: мехрабтық текше, мыңдаған жарқын сюжеттермен суреттелген қабырғалар мен карниздер, дәстүрлі қытай шамдары, көптеген қасиетті атрибутика мен безендірулер.
Білу қажет:
Қазір мешіт негізінде сәулет-көркем өнер мұражайы жұмыс істейді, мұнда қазақ, ұйғыр, дұнған және басқа да халықтардың өнер заттарына сүйсіне қарауға болады. Айтпақшы, дәл солардың қаражатына осы мешіт салынған болатын. Мешіт Алматы облысының, Жаркент қаласының орталығында (небәрі Қытай шекарасымен 30 шақырым жерде), У. Юлдашев көшесі, 40 бойында орналасқан. Кіру құны символикалық, шамамен 250 тг (ішінде фототүсірілім жасағаны үшін 500 тг төлеу қажет), содан кейін ішіңізге сыйғанша, осы ғажайып орынды тамашалай аласыз. Міндетті түрде мұражай қызметкерлерінен мешіттің тарихы туралы сұрастырыңыз, олар ғаламторда жазылмайтын, неше түрлі қызық нәрселерді айтып береді.
Құнанбай Өскенбайұлының мешіті
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс, оның туындылары әлемнің дерлік барлық тілдеріне аударылған және кез келген адамның жүрегінде өз орнын табады. Бірақ осының барлығының артында тағы да бір адам тұр, ол - Абайдың әкесі, Құнанбай Өскенбайұлы, оның беделіне, тәжірибесі мен даналығына жас ақын сүйеніш еткен. "Нағыз даланың пайғамбары болып көрінген, сатылмайтын әділдік төрешісі мен ғибратты мұсылман... "-деп, ол туралы жер аударылған революционер Адольф Янушкевич жазған.
Ұлы істер
Қарқаралы облысының аға-сұлтаны бола тұрып, Құнанбай өз жерлестеріне бар пәрменімен пайдалы болуға тырысты. Қазақстаннан қажылыққа бара жатқан адамдар тегін баспаналайтын, Меккеде қонақ үй тұрғызу күшінен келді. Ол, сондай-ақ, өз қаражатына Қарқаралыда медресе мен мешіт тұрғызды, олар бастапқы күйіндей болмаса да, бірақ сақталған. 150 жылдан астам уақыт өтті, Ұлы Абайдың әкесі туралы естелік оның қабырғаларында, осы бір көрікті жерде тіршілік ететіндей. Құнанбайдың мешіті Қазақстандағы ең көне мешіттердің бірі болып есептеледі, өкінішке орай, оның тарихын жеңіл деп айтуға келмес. 1920 жылы мешіттің мұнарасы бұзылып, ғимарат тозығып, мектеп пен қойма ретінде пайдаланылды. Тек 1980 жылы оны қалпына келтіру және діншіл адамдарға беру туралы шешім қабылданды.
Енді, бұл, таулы көрікті жерде, кішігірім үстіртте орналасқан, тамаша құрылыс,тұрғындарға және туристтерге өзінің ұқыпты түрімен қуаныш ұялатады. Мешіт жұмыс істеп тұр, мұнда некелер қиылып, күн сайын діншіл адамдар ғибадат етеді және туристтер келіп жатады. Ішкі жабдығы өзінің қарапайымдылығымен және жылулығымен еліктіреді, барлық жерде ұлттық оюлар, көк, жасыл және қызыл түстер басым, әшекейленген кілемдер, бөренелі қабырғалар (мешіт дерлік ағаштан жасалған).
Білу қажет:
Ол Қарқаралы қаласында орналасқан, егер Сіздің көлігіңіз бар болса, жету қиындыққа соқпайды. Мешітке жақын жерде өлкетану мұражайы орналасқан, бұл жерге Құнанбай жиі келіп тұратын. Мешітке кіру тегін, бастысы-дәрет алуды және таза киім киюді ұмытпаңыз, ал әйел адамдар басына орамал тағуы қажет (егер ұмытып кетсеңіз, олар әрқашанда кіреберіс жерде жатады).
Маңғыстаудың жерасты мешіттері
Қатал, бірақ бай Маңғыстау өлкесі пайдалы қазбалардың байлығымен ғана танымал емес, бұл жерде заң бойынша осы өлкенің сәулет өнерінің інжуі болып саналатын жерасты мешіттері де жетерлік. Бұл шынымен де үңгірлерден қашалған, жартастарда ойылған, көз жауын тартатын және өз айбындылығымен арбайтын, ғажайып құрылыстар. Мұнда астарлық пен даңғазалық жоқ, тек бізге, өз ұрпақтарына, үнсіз ғибрат ретінде қалдырған, ата-бабаларымыздың алып күш еңбегінің іздері. Бірін қалдырмай барлық мешіттердің жасы жүздеген жылдар деп есептеледі, кейбіреуінің жасы мыңға да жетеді. Осы уақыт бойы ондаған ұрпақтың буыны мұнда тұрған да, сыйынған да және қайтыс та болған, қазақ халқының тарихы осылайша жасалған.
Бекет ата мешіті
Мешіттер қорымдармен "өсіп кеткен" (жерлеу жерлері), дерлік әрқайсысының қасында "жатақ" (түнеуге арналған орын) тұрғызылған. Мұнда заманауи туристтер түнеп шығып, осы қасиетті орынның барлық айқын көрінісін сезіне алады. Адамдардың көмілген жерлердің қасында орналасқандарына қарамастан, сүйектен өтетін қорқыныш пен сағыныш сезімдері пайда болмайды. Тек сабырлық пен елеңсіздік, қасиеттілердің өзі ұйқыңды қорғап тұратындай. Бұл мешіттерді заң бойынша күш жерлері немесе "энергетикалық қайнаркөздер" деп атауға болады. Туристтер, дерлік, барлығы жерасты мешіттеріне экскурсиядан кейін өздерін "қайта дүниеге келгендей" сезінетінін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы жаман әдетін құптағаннан кейін шылым шегуді доғарған, біреулер ауру мен сырқаттардан айыққан, ал біреулер болса, жақсы жаққа қарай өз өмірін қайта қарастырады.
Қай мешіттерді қарап шыққан жөн?
Әрқайсысының өз тарихы, аңызы немесе ауыздан-ауызға таралған, қасиетті ертегі-аңызы бар, бес жерасты мешіттері анағұрлым белгілі. Маңғыстауға жинала отырып, міндетті түрде есепке алудың қажет тізімі:
Шопан ата жер асты мешіті және қорымы. Ол жартастан ойып қашалған және барлығының арасында ең үлкені болып табылады. Оның жанында қасиетті тұт ағашы өседі. Оның бұтақтарының астынан өткен егде жастағы адамдар, сырқатқа шалдыққан арқасын емдей алады деп есептеледі. Жаңаөзен қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Сұлтан-епе жерасты мешіті. Маңғыстау тұрғындарының ежелгі табыну орындарының бірі, оның пайда болуы бірталай аңызбен шырмалған. Сарытас шығанағының ауданында орналасқан.
Шақпақ-ата жерасты мешіті. Шақпақтастан кері қайтқандай, жебелерінен ұшқан ұшқындар үшін мешіттің негізін қалаушыға берілген лақап аттың құрметіне берген деп есептеледі. Көркемдігі айтып жеткізуге болмайтын, әрі құпияға оранған құрылыс.
Бекет-ата мешіттері. Барлығы төртеу, бірақ олардың арасындағы ең ірісі және белгілісі Оғыландыда орналасқан. Қасиетті жер деп есептеледі және ол жерге осы күнге дейін қажылықтар жасалады.
Масат-ата мешіті. Оның шығу тегі, сондай-ақ Масат-атаның өзі ең түрлі аңыз-ертегілермен байланысты, сол себепті, мешітке барып қайту одан да қызықты және ғажайып болып көрінеді.
Алматыдағы Вознесенск шіркеуі
Туристтерді таныстырғымыз келген, тағы да бір бірегей орын, бұл дүниежүзіне белгілі Вознесенск шіркеуі. Оның биіктігі ғаламат-56 метр және бұл ғимарат кем дегенде жүз жыл бұрын көгілдір Тянь-шань шыршасының бөренелерінен тұрғызылған болатын! Материалдардың таңдап алынуы Алматының аумағындағы сейсмикалық белсенділікпен негізделген болатын. 1910 жылы рекордтық 11-12 балдық жер сілкінісі қаланы сілкіндіріп жібергенде, сәулетші К. А. Борисоглебский мен инженер А. П. Зенковтың кемеңгер есебінің арқасында шіркеу ғимараты жерасты дүмпулерінің жойқын күшіне шыдас берген, оның күмбездерінің біріндегі кірес белгісі ғана сәл майысқан. Осымен болды!
Ішінде, әрине көруге тұрарлық нәрселері бар. Өткен ғасырдың интерьерінің әрбір бөлшегі, Мәскеу мен Киевтің көпғасырлық тәжірибені өз әкелері мен аталарынан алған, шеберлердің ең танымал шеберханаларында тапсырыс беріп жасатылған. Әсіресе, бірден назарды өзіне аударатын, қолмен жасалған иконостас тамаша суреті мен шіркеудің басты киелілердің бірі болып табылатын - Федоров Құдай Ананың иконасы.
Білу қажет:
Шіркеу, жап-жасыл желектің жапырағына оранып, 28 панфиловшылар-батырлар атындағы аса көрікті саябақтың аумағында орналасқан. Әрбір адам ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің осы бір інжуіне мүлде тегін сүйсіне алады, шіркеу күмбезінің астында кек пен егеске орын жоқ. Мұнда адамдар ғибадат қылады, тыныштықпен, сұлулықпен және осы жердің қуатты энергетикасынан ләззат алады. Саябақта серуендеп жүріп, табиғаттың рахатына бөленіп келе жатқанда, кенеттен Сіздің назарыңыз күмбездердің алтын жарқылдарына ауады... ал жақындай келе, ескі ғимараттың заңғарлығынан орнында қимылдамай тұрып қалудан басқа ештеңе қалмайды. Бір мағынада, Вознесенск шіркеуі-бұл Алматыдағы міндетті түрде барып-қайтуға тұрарлық жердің бірі.
Қарқаралы тауларындағы Будда ғибадатханасы
Міне ақырында, Қарағанды облысының аумағындағы тағы да бір қызықты "күш орны" туралы айтқым келеді. Ежелгі заманнан бері ислам нық орнаған жерде, Қазақстанның аумағында барлық заңдар бойынша нақты салынған, нағыз будда ғибадатханасының қираған үйінділері бар екенін елестете аласыз ба? Жоқ, деп ойлаймын. Дәл сондықтан да, солтүстіктен Қарқаралы тауларымен және оңтүстіктен Талдық өзенімен қоршалған сөзбен жеткізе алмайтын жерде орналасқан, осы бір ғажайып жерге барып келу қажет. Басты ғибатахананың ғимараты кірес пішінінді, сондай-ақ кіші ғибадатхана, ас үйі мен тұрғын бөлмесі варварлық шабуылдардың әсерінен өз бастапқы күйінен айырылды (буддизм елімізге сіңісіп кете алмады), бірақ бұл жерге бұрынғыша, буддизмнің заманауи табынушылары да йога қажылығын жасайды. Бұл орын күш, жарық пен таратылмаған "ғарыш энергиясының" көзі болып саналады.
Аблайкит мазары
Елімізде осыған ұқсас екі орын бар: жоғарыда біз атап өткен, Қарқаралыдағы Қызылкент сарайы мен Шығыс Қазақстандағы Аблайкит буддистік мазары. Бірақ, екіншісі нашар сақталған, себебі жоңғарлармен соғыс кезінде бұзылған болатын. Мұнда құнды тибеттік манускрипттер сақталған. Ғылыми аяларда Аблайкит мазары өте жоғары бағаланады және оны осы күнге дейін белсенді зерттеуді жалғастыруда. Ол айтарлықтай көркем жерде батыс Себинск көліне жақын маңайда орналасқан, бірақ Қарқаралыдағы дәл кенттік сарайы туристтердің анағұрлым танымалдылығына ие.
Білу қажет:
Қарқаралыдағы буддистік ғибадатханаға тек жеңіл көлікпен және алдын ала рұқсат алып жетуге болады. Шлагбаумнан өтуіңізге тура келеді, себебі аумаққа тек рұқсатнамалар арқылы өтуге болады, кері жағдайда, ұлттық саябақтың қараушыларымен ыңғайсыздыққа тап боласыз. Біздің қызығушылық тудырған нысанымыз осы ұлттық саябақта орналасқан. Барлық осы нюанстерден өтіп, Сіз таң қалдыратын сұлулық көрініс түріндегі марапат аласыз: таулы пейзаждар, адамның қолы тимеген ормандар, өзеннің сылдыры... және келіп қалдық, міне, ежелгі ғибадатхананың қираған үйінділері. Бұл - таңғажайып емес пе?
Қазақстан аумағындағы бірқилы киелі "күш" орындары туралы біздің баянымыз соңына жетті, бірақ бұл тізімнің аяқталуын білдірмейді. Біздің әлемімізбен шекаралас, аз зерттелген, бірақ сондай қызықты, өткен заманның ғаламат құпияға толы әлемінің шымылдығын аштық! Жоғарыда келтірілгеннің біріне барып көрсеңіз болды, Сіз содан кейін тоқтай алмай қаласыз. Әрбір жаңа саяхат Сізді осындай ата-бабаларымыздың жаңғырығын естуге болатын, қүш-қуат сезіне алатын және жаңа жетістіктерге қуат алатын, энергетикалық орындарға тарта бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |