7 сынып
«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әлі
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?
3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті
туралы?
4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай
түсінесіз?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Аудар.
Мен ғаламторда ұзақ отырмаймын. Ғаламторда көп отыру денсаулыққа зиян. Мен өз денсаулығымды ойлаймын. Ғаламтордың пайдасы мен зияны бірдей. Достарыма ғаламторда көп отырмауға кеңес беремін.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма. Сәйкестендір.
Мен ғаламторда қалды.
Сен дәптеріңді отырамын.
Сіз автобусқа келдік.
Ол кенеттен өткіздің.
Біз дүкенге кешіктіңіз.
Олар кешігіп ғайып болды.
5-тапсырма. Қате жазылған сөздердің астын сыз.
Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданішылары, ғаламтордың адомзаттың ең өлкен жетістігі екендігімен келысеры анық. Ол, қалтқысыз ақпарат козі болуымен қатар, адамдарға қажет білімен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білшгзді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызыкты дүниелерді үйренуімізге себібі мол.
Достарыңызбен бөлісу: |