Қазақтың ғұлама ғалымы Манаш Қабашұлы Қозыбаев



Дата07.05.2023
өлшемі19,56 Kb.
#90818
Байланысты:
манаштану 1AITON реферат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті



  • Манаштану ПӘНІ БОЙЫНША



Тақырыбы:Қазақтың ғұлама ғалымы Манаш Қабашұлы Қозыбаев

ОрындағанӘбсадық Айбек
Тобы:Б(о)22к
Қабылдаған:Бекмурзина.А.Н.



Кіріспе
Манаш Қабашұлы Қозыбаев (16 қараша 1931 жылы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы - 30 қазан 2002 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.Тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1953 жылыС.М. Киров (қазіргі Əл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінбітірген Болашақ ғалым еңбек жолын Қостанай педагогикалық институтында ұстаздық етуден бастайды.Сонда қызмет еткен бес жылда ол ұстаздық қызметімен қатар ғылыми-зерттеу ісімен айналысады. Қостанай өңіріне қара шекпенділердің қоныстануы, "Ақпан", "Қазан" төңкерісі, "Колчак" билігі сияқты басқа да тарихи мəселелер теңірегіндеүлкен ізденістер жасады. Қазақтың қайраткер ұлы Əліби Жангелдин туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарияланды.Жас тарихшы 1958 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтына қызметке шақырылады. Осында қызмет атқарып жүріп, Манаш Қозыбаевтың 1962 жылы ҚазақстанҒылым академиясының вице-президенті Сақтаған Бəйішевтің жетекшілігімен Ұлы Отан соғысы тақырыбында қорғаған кандидаттық диссертациясы жоғары бағаланып, оған осы тақырыпты кеңейту арқылы докторлық диссертация жазу ұсынылады.Осы ұсыныстан кейін арада екі жыл өткенде жас ғалым докторлық диссертациясын тамамдап, соның негізінде көлемі 20 баспа табақтық монография шығарды. Бұл еңбек белгілі кеңес тарихшысы Ю.В. Арутюняннің пікірінше, осы мəселеге арналған еңбектің ең көрнектілерінің бірі деп бағаланды. Ғалым монографиясына соғыс кезіндегі тыл проблемасын өзек етті. Онда тарихи əдебиетте ең бірінші рет МТС жəне кеңшарларда уйым-дастырылған саяси бөлімдерде орын алған əскери əкімшілік,өктемшілік əрекеттер ашық жазылды. Бірақ жас ғалымның тым батыл көзқарастары "кейбіреулерге"
ұнамағандықтаң докторлық диссертацияны қорғау кейінге қалдырылды. Мұны байқаған академик С. Бəйішев жас ғалымға ақылын айтып, монографиядағы партияның əкімшілдік-əміршілдік қызметін сынаудан гөрі халықтың майданға қосқан үлесіне баса назар аударуды ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет