Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті. ОрындағАН: аханғали айназ



Дата05.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#47775

Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті.
ОРЫНДАҒАН:АХАНҒАЛИ АЙНАЗ
20 ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті империализм жағдайында өзіне жаңа сапа, басқа бағыт алған өткен мұраның жалғасы болды
20 ғасырдың басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Омбыда, Орынборда кітап басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері, Семейдегі, Орынбордағы бөлімшелері басылымдардың шығуына қамқорлық жасады
Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда Петербург, Ташкент, Қазан қалаларындағы баспалар үлестерін қосты
20 ғасырдың басында Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатұлының, С.Дөнентайұлының, А.Байтұрсынұлының, Д.Тынышпаевтың, Ә.Бөкейхановтың шығармалары жарық көрді. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.
Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелері ұлттық аймақтарда орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады.Ағарту ісін дамытуда жəне насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной край”, “Сибирский телеграф” газеттері.
Ауыз əдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) байлар мен ақсүйектердің жемқорлығын мінеп, оларды халық алдында əшкереледі.
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді.
ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген.Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.
Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге жетті.Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді.Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет