Тақырыбы: «Менеджерлердің компанияның қызметін жақсарту үшін оқуы мен шығармашылық қабілетін ынталандыру»
Пән: Менеджмент
Орындағандар:Әділбек Әмина,Қару Айназ
Топ: 22.230 Халықаралық Бизнес Логистика
Алматы 2023
Аңдатпа Мақаланың мақсаты менеджерлердің жұмысқа деген қабілетін, компанияның қызметін жақсарту үшін оқуы мен шығармашылық қабілетін дамытуды талдап көрсету. Жұмыстың негізгі мақсаты жапондық персоналдарды басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы мен сараптамасы үрдісіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды анықтау болып табылады. Басқарудың ең тиімді әдістерін анықтау бұл жүйені келешекте басқа елдерде, тіпті Қазақстанда да қолдануда өз септігін тигізеді.
Мақаланың мәніне тоқтала кететін болсақ, менеджементтің дамуы үшін менеджерлердің жұмысқа деген, қызметін жақсарту үшін қажет қасиеттер мен қабілеттерін анықтау. Және басқа да шет елдермен біздегі басқару мамандығын салыстыру арқылы қай басқару механизмінің дұрыс екенін тану.
Мақаланың құндылығы менеджер болу үшін де білімнен бөлек мамандарға сай қасиет пен қабілеттің бойында болуы да өте маңызды. Міне бұл мақалада осы мәселелер бойынша салыстырулар мен анықтаулар жүргізіледі.
Гипотеза: Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді техникалық салаларда да, методолгиялық салаларда да қолдау басқару үрдіссінде ең басты ролді техникалық құралдар емес адам ресурстары алатынын көрсетті. Мысалы, есептеу техникасын басқаруды қолдану тәжірибесін алсақ болады. Олардың пайда болуымен адам еңбегін техникалық құралдар алмсатырады деген тұжырым пайда болды.Себебі, басқару үшін тек технологиялармен шектелсек онда компанияның алға жылжуы, жұмыскерлердің табыстылығы екі талай.
Түйін сөздер: менеджмент, басқару, қажеттіліктер, ұйым, компания, қабілеттілік, ұйымдастыру, жоспарлау, экономика, нарық, қажеттіліктер, жұмыс.
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда шағын және орта бизнестің нағыз дамып тұрған кезеңі. Әсіресе Қазақстанның экономикасын дамытуға күресі өте үлкен болып табылады. Сонын ішінде бизнесті ұйымдастыратын, басқаратын менеджмент саласы болғандықтан ол мамандықтың дамығаны бизнестің де жаңдануы деген сөзбен тең.
Әдебиеттерге шолу:
“Қаржы-экономика сөздігі.” Бұл әдебиетте барлық қаржы экономика саласына байланысты терминдарға түсінік турплы айтылған. Нақты сонын ішінен біз “менеджмент” және “персоналдарды басқару” деген түсініктерін алдық. Олардың не екенін, қандай қызмет атқаратыны жайлы түсіндірдік
“Экономикалық теория. Оку құралы.” Әдебиетте экономикалық терминдарға және оның ішінде менеджмент туралы бөлек түсінік берілген.Сонын ішінде персоналдарды басқару, менеджмент деген тақырыптар жайлы жаздық.
“ Управление кадрами в корпорациях США, Японии, Германии” Бұл әдебиетте менеджменттегі басқарудың қасиеттері мен қабілеттері жайлы айтылған. Және Жапония мен Америка елдеріндегі менеджменттегі басқару жайлы жазылған. Басқа шет елдегі компаниялардың менеджерлердің қандай қабілеттіліктері бар екені және қасиеттері бар екені туралы айтылған