«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы
Мазмұны
1.Кіріспе..............................................................................................................3
2.Негізгі бөлім. 1 ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1.1 Қазақ алқының ұлттық киімдерінің түрлері мен рекшеліктері...................7
1.2 Заманауи кәжекейдің эстетикалық сипаты мен жасалу технологиясы........................................................................................................13 3. Қорытынды........................................................................................................21
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................22
5. Қосымшалар
Кіріспе Қазақстанның білім сапасын көтеру – Елбасының Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі. Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі елімізде қоғамның дамуы, жоғары мектептен студенттерді жоғары сапалық деңгейде оқытуды, осы арқылы жаңа нарықтық жағдайларда болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлауды талап етеді. Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы мен 2050 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы, әлемдік білім стандарты талаптарына сай маман даярлауды күн тәртібіне қойып отыр. Сондықтан жоғары мектептегі оқу үрдісі қазіргі қоғамның сұранысына сай, бәсекеге қабылетті болашақ маманның шығармашылық потенциялын дамытуға жол ашу қажет. Қазіргі өндірістік – технологиялық және ақпараттық қарым – қатынас салаларының қарқынды дамуы жағдайында адам болмысы жүйесіндегі өнердің маңыздылығы арта түсуде. Жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарға ұмтылысының, мәдени – тарихи жетістіктерге қатыстырылуының маңызды факторының бірі дизайн өнері даму үстінде, оның ішінде әлемдік мәдениеттен өзіндік ұлттық болмысты айқындап көрсететін этнодизайн өнері болып табылады. Себебі ол эстетикалық, практикалық және өндірістік мәнге ие.
Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-экономикасында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің жаңарып, жетілуіне елеулі ықпал етуде. «Білім беруді дамытудың 2005-2020жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы» білім беру жүйесін қоғамның білікті мамандарға деген қажеттіліктерімен тығыз бірлікте дамытуды қарастырады. Мұның өзі кәсіби мамандыққа оқытуды кеңейтуден және жекелеген пәндерді тереңдете оқыту бағдарламаларының ашылуынан көрініс табуда. Бұл бағытта шығармашылық, көркемдік білім беру пәндер циклін оқыту ерекше мәнге ие болып отыр. Бүгінгі ақпараттық қарқынды даму жағдайында түрлі көркем-шығармашылықтың ерекшеліктерін меңгерген адам өте қажет, өйткені ол қоғамдағы материалдық және рухани мәдениеттің бірлікте дамуын шешуші тұлға болып табылады. Адамдардың рухани, өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыратын көркемдік технологиялардың, жасанды өнер түрлері мен шынайы нәрсені көркемдеп қайта өңдеп жасайтын жаңа техникалық қондырғылардың мәдени-көркем үйлесімдердің пайда болуымен көркемдік мамандықтардың саны артып, беделі жоғарылады, оны меңгерудің шарттары күрделенді.
Қазіргі әрекеттегі материалдық және рухани өндіріс салаларының бәрі қоғамдық мәні бар құндылықтарды жасай алатын, эстетикалық тұрғыда жетілген мамандарды талап етеді. Өйткені, өндірілетін отандық әрбір тауар өзінің көркемдігімен, форма үйлесімділігімен, адам сезіміне беретін әсерімен тартымды болуы керек. Осындай талап тұрғысында бейнелеу өнері мұғалімдерінің көркемдік білім беруге даярлығы қоғамның әлем нарығында елеулі орын алатындай өзіндік үлес қосуы тиіс.Бүгінгі күн практикасында этнодизайнның мазмұны мен ұғымдарының тұрақты, нақтылы болмауы және оны зерттеу қажеттігі арасында қайшылықтарды көрсетуде. Осыған сәйкес, ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.Сонымен қатар, ол ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінің табиғатпен байланысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Қолөнер халықтың тұрмыс тіршілігімен тікелей сабақтас болғандықтан, қашан да адамға жақын әрі түсінікті.
Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды. Өзіміздің туған Республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнерлі ғалымға көп жаңалык әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шықан өнер шығармалары өзінің бейнелігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың назарын аударып отыр. Осындай шығарманың бірі - қола дәуірінің шеберлері өмірге келтірген түрлі ою-өрнектер, әр түрлі бұйымдар, ожау, табақ, қасық сияқты олардың сыртқы беті өрнектен безендіріліп қажалып салынған. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып, қарыштадық емес пе?!