«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы



бет8/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КӘЖЕКЕЙ АРУ БИЖАН

Кәжекейдің сызбасы



1.Кәжекейді пішу
Бор сызығынан, тігістердің еніне қарай, мата түгі мен иілген жіптің бағытын сақтай отырып пішіңіз.
2. Кәжекейді бірінші өлшемге дайындау.
Борлы сызықтарды көшіру.
Кәжекейдің негізгі бөліктерін көктеп, қиылған жерлерін біріктіріп, бөлшектерін түйреуіштермен түйреп, содан кейін көктеп тігу
3. Выточканы және артқы бойдың орта тігісін өңдеу.
Дөңес сызығы бар бөліктерді сырып тігу. Артқы бойдың орта тігісін мойын ойындысынан бастап етекке дейін сырып тігу
4.Арты және алдыңғы бойдың иық кесінділерін қосу
Артқы бойдың иық кесіндісі жауырынға жақсы орналасуы үшін алдыңғы бой жағының иық бөлігін алдыңғы иыққа қарағанда ұзынырақ жасалады, сондықтан оған қосылған кезде ол жеңіл бекітіледі. Артқы бой жағынан көктеп, алдыңғы бой жағынан сырып тігеді.
5.Ою-өрнектің орналасқан жері.
Ою-өрнек үлгіге сәйкес алдыңғы және артқа бойға салынады.
6.Өңір астыны және әдіпті өңдеу
Бұл операцияны орындау кезінде қарапайымдылық пен ыңғайлылық үшін камзолдың бүйірлік тігістерін өңдемес бұрын, етегін өңдеген жөн. Өңірді және артқы бойдың мойын ойындысын пішу, оларға арналған төсемелерді кесу.
7.Бүйір тігісін өңдеу
Алдыңғы бойды артқы бойға оң жақ бетін салып, бүйір тігістерін көктеп, сырып тігеміз. Тігіс әдібін артқы бойға қарай жатқыза үтіктеп және торлап тігеміз.
8.Тік әдіспен кәжекейді ойындысын өңдеу
Ойындының оң бетіне әдіптің оң бетін қосып көктеу. Тігіс әдібінің оралымдық жеріне белгі қойып қию керек.
9.Кәжекейдің соңғы өңдеуден өткізу
Дайын өнімнің ішінде қалған көктеу тігістер мен бордың іздерін алып тастаңыз.Ылғал термиялық жылумен өңдеу. Терістеме жағынан үтіктеңіз. Сәндік бұйымдырды тігу.

Қорытынды
Киім, кешек ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес, сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді. Яғни, сән де үнемі жағарып, жасарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды. Таңдау барысында адамның жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де – өнер. Бұл өнерді игеру үшін сән журналы мен баспасөздің белгілі тарауларында жазылып тұратын сән талаптарын білу аз. Бұған қоса өз талғамын үнемі жетілдіріп, дамытып отыру керек. Бұл ретте, адамның өз мәдениеті, оның моралдық және адамгершілік ұғымдары және талғамы мен бейілі үлкен рөл атқарады. Осыған орай, ұлттық қыздар киімі кәжекей жөнінде ойымды қорытындылай келгенде, әсемдікті сүюге, ұлттық киімімізді өз нақышында безендіруге, жан дүние сұлулығын қол өнері ою-өрнекпен әшекейлеп, мәдениетті киіну, көркемдік-эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға деген көзқарасына қалыптастыру. Қолөнері шыңы биік. Өйткені барлық халықтардың өздеріне ерекше тән үлгілері, киімдерді әртүрлі маржан, кесте, жапсырма өрнектермен әшекейлеу арқылы дүниежүзілік арнайы орындарда баға алады.
Негізгі тақырыпта ұлттық кәжекейдің жасалу технологиясы, ұлттық киімдердің шығу тарихы, зерттеу жұмыстары мен жасалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ұлттық қыздар киімінің үлгі сызбалары, модельдері, тігу технологиясы және маржандау өнерінің жолдары берілген. Жалпы қазақтың ұлттық киімдерін дайындау ұрпақтан ұрпаққа ауысып,өзінің ерекше нақышын заман талабына сай жаңартып отырады. Ғасырдан ғасыр асып жеткен бұл қазақтың киімдері биіктен көрініп, жалғасын таба бермек.
Қазақ киімдері қазіргі уақытқа, заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен тігіліп, өзіндік бұрынғы сюжеттік элементтерін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта зерттеу барысында қазақ киімдерінің қорлары молаюда. Әртүрлі модалық киім тігу үйлері ашылып, шетелдерге экспортқа шығуда.
Қай қоғамда болмасын киім тәсілі, жолдары ерекше орын ала бермек, күнде өзгеріс болып жатқан дәстүрімізді, тарихи байлығымызды қадірлей білуіміз керек.
Бүгінгі мен кешегімізді қастерлеу – қоғамның парызы. Сол қоғамды дамытушы адам. Жас ұрпақ ертеңгі қоғам иесі. Қоғам иелері қазақ халқының өмір тіршілігін қазіргі уақытқа сәнді, мәдениетті етуге тырысуда.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық киімдерімізді, қолданбалы сәндік қолөнермен танытуда.
Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы қолөнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Соған орай мектеп бағдарламасына сәндік қолданбалы қолөнерді, фетр өнерінің еңгізілуі көңіл қуантарлықтай сан қырлы тақырыбын ашуға болады.
«Еңбек – өнер өрісі, өнер – өмір жемісі» деп еңбек пен өнерді егіз деп қараған халық қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұстасып келген. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімін өңдеуге, тұтынуға, ұқсатуға арналған болса, жүн иіріп, сырмақ сыру, тұскиіз өрнектеу, кесте тігу, тері илеу, киім тігу, кілем тоқу т.б. шаруалар әйелдер мен қыздар үшін ерекше өнер болып табылған. Сондықтан да халқымыз жас буынды еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Сондықтан да апа-әжелеріміз қыз балаға қолөнер түрлерін түгелдей үйретіп келген. Олар төзімділікке, шыдамдылыққа үйреніп қана қоймай, олардың бойында имандылық, кішіпейілдік, ізеттілік қасиеттер толы болды.
Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдет-ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі өзекті мәселе болуда. Осы жұмыстың нәтижесінде ұлттық қолөнер туындысы шеберлерінің ғасырлар бойы сақталып келген дәстүрі кеңінен қамтылды.
Әр халық өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлеп сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге жеткізген.
Халық қолөнерін зерттеу, қалың қауымның игілігіне айналдыру, қазіргі заманның бір мәселесі. Сондықтан ұрпағымызға ұмыт болып бара жатқан осы қолөнер туындысын таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.
Қорыта айтқанда, оқушыларға әр халық әсемдік туралы ұғымын таныту арқылы ұлттық шығармашылық бағытқа тәрбиелей аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет