Өсімдік сипатты ою-өрнектер – тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.