Белбеусоқ – тізенің астынан орамал жүгіртіп ойнайтын қазақтың
ұлттық ойыны. Бұл ойынға оннан отызға дейін адам қатысады. Ойыншылар
екі топқа бөлінеді. Екі сызық белгіленеді. Екі сызықтың арасы 20-30 метрдей
болады. Бірінші топтың ойыншысы белгіленген екінші сызыққа дейін
жүгіреді. Ал екінші топтың ойыншысы оны қолындағы белбеуімен қуады.
Егер жетіп алатын болса, екінші сызыққа жеткенше белбеумен соға береді.
Екінші сызыққа жеткен соң белбеумен ұрып келген ойыншы қолындағы
белбеуді тастай сала кері қайта бірінші сызыққа қарай жүгіреді. Ал әлгі
қашып келген ойыншы белбеуді алып, мына ойыншының соңынан бірінші
сызыққа дейін қуады. Белбеумен соға алса – жеңгені, ұра алмаса – жеңілгені.
«Хан жақсы ма?» – қазақтың ұлттық ойын-сауығының бірі. Бұл ойын
жастар арасында шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру сияқты думанды
кештерде ойналады. Ойын ережесі бойынша, ойыншылар ортаға ауқымды
ашық алаңқай қалдырып, дөңгелене отырады. Ойынға жиналғандар өзара
ақылдасып, хан мен уәзірді сайлайды. Уәзірдің қолында мықты етіп
шыратылған орамал болады. Хан уәзіріне халқымнан «Хан жақсы ма?» деп
сұра деген бұйрық береді. Уәзір ойыншыларды жағалай жүріп әрқайсысынан
сұрап шығады. Бұған «хан жақсы», «мәз емес», «жаман» деген секілді сөзбен
немесе «хан былай» деп қолындағы орамалмен өзін ұрғыштап, келемеж етіп
жауап беруге де болады. Ойыншылардың қайтарған жауабы мен қимыл-
әрекетін уәзір бұлжытпастан ханның өзіне жасап көрсетеді. Өз кезегі
келгенде хан өзін мазақтағандарға «жаза» бұйырады. Екінші ойын
айналымында хан «халқымның кімнен зорлық-зомбылық көргенін сұра» деп
тапсырады. Уәзір ойыншыларга жекелеп сұрақты қайталайды. Ойынға
катысушылар думанды қызықтырақ ету үшін жігіт қыздан, қыз жігіттен
көрген «қорлық-зорлығын айтып шағынады. Шағымшылардың сөз саптасына
орай «Хан әмірін» беріп, бітімге келтіреді. Мысалы, Жігіт «Пәленше екі
алмамды ұрлап алды, соны өзіме қайтарсын немесе өзінікі екендігін
дәлелдесін» деген секілді шағым айтады. Хан даушыларға «өзара келіссін»,
«айыбын төлесін», т.б. әмір береді, жаза қолданады. Әмір мен жаза күлкі
тудыру мақсатымен түрліше үкімге орайластырылады. Қазақ қоғамындағы
хандық билікті астарлап бейнелейтін аталмыш ойынның жастардың рухани
дүниесін жетілдіріп, ой-өрісін дамытуға ықпалы зор.
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау»
немесе «Орамал тастамақ». Бұл бір жігіт не қыз дөңгелене отырғандарды
айналып жүріп, қалаған адамның сыртынан орамал тастап ойнайтын жастар
ойыны. Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады.
Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады.
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың
бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын
бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің
қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз»,
дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады.
Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-
дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы
керек.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай
етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез,
дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды
қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің
бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да
тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары
орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын
жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге
үйретеді [ 5, 176].
Қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және
оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар
К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев,
А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский,
А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б.
болды. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте
бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға
бөліп топтастырған.
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Кезінде ұлттық
ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев,
М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы
кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен
қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994)
атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын
жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,
алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық
жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс
жасайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары
күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм
кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында
М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға
болады. М.Тәнекеевтің «Казахские национальные виды спорта и игры»
(Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ»
ойынының ереже тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын
ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне
тоқталып, анықтама беріп жіктеп, ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары»
(Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа
бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын
зерделеген.
Достарыңызбен бөлісу: |