ҚазақТЫҢ ойын атаулары (М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясының І томы бойынша)



бет1/3
Дата19.12.2023
өлшемі30,83 Kb.
#140823
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word


ҚАЗАҚТЫҢ ОЙЫН АТАУЛАРЫ 

(М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясының І томы бойынша) 


Серікбаева Гүлдана - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» 


мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова 
Академик Ә.Т.Қайдар: «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, 

халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи 


жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, 
рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып 
келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық 
мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген 
тіл білімінің құнарлы саласы» [1, 475], - деп кешенді анықтама береді. Ғалым 
бұл саланың ерекшелігін нақты айтып кетеді. 

Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-


тіршілік еңбегі, ұлттық салт -дәстүрлері, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, 
шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының 
белгісі. Ұлттық ойындар - халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. 
Мақаламыздың зерттеу нысаны – қазақтың ұлттық ойын атауларының 
этнолингвистикалық сипаты (М.Әуезов «Абай жолы» 1-том) [2, 1-томы]. 
Ұлттық спорт және ойын атауларының қай түрін алсақ та, халықтың 
тілдік дәстүріне, дүниетаным – түсінігіне сай қалыптасқан. Ұлттық ойын 
атауларының негізі этнолингвистика мен этномәдениетте жатыр, оларды бір-
бірінен бөліп қарауға болмайды.
Біздің ғылыми мақаламыздың мақсаты да осы ұлттық ойын 
атауларының 
табиғатын, 
шығу 

тегін, 
семантикалық 


өрісін, 
этнолингвистикалық сипатын қарастыру болып танылады. 
Осы мақсатқа жету барысындамынадай міндеттерді орындадық: 
1)

Зерттеу материалы етіп М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-


томындағы ойын атауларын жинақтап, жалпы саны – 13 екенін анықтадық; 
2)

Романннан сол ойын туралы мәліметтерді жинақтау


3)
Ойын атауларының семантикалық өрісін анықтау барысында «Аймақтық 


сөздік», «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Түсіндірме сөздікті» І томдық 


қаралып, соның ішінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» біраз түсініктемелер 
алынды. Сонымен қатар Е.Сағындықов, Ж.Мизамхан, А.Құрауұлы, «Ана 
тілі» газеті, т.б. зерттеу еңбектердегі ойын атауларының талдауларын 
қарастырдық. 
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, 
ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі 
элементі деп тұжырымдайды
.

 [ http://anatili.kazgazeta.kz/?p=9804] 
Халық мәдениетінің негізгі айнасы оның сөзінен, кез келген құбылысты, 
зат атауын тануынан белгілі болатынын, ойын атауларының да қазақ 
халқында алатын орны, атқаратын рөлі болғандығына көзіміз жете түсері 
анық.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы 


М.Әуезовтың өзі де кезінде: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ 
жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің 
түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана 
емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп ойынның халық 
өміріндегі 
үлкен 
маңызын 

тұжырымдағанын 


да 

білеміз. 


[http://www.alimsak.kz].
Біздің зерттеуімізде сол асқаралы жазушының Абай сынды ақынның 

өмір жолына арнаған роман тілінен төмендегідей ойын атауларын жинақтап, 


жан-жақты талдауға ұмытылыс жасалды: 
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы І томында 13 ойын 
атаулары кездеседі. Олар: 
1.

Ат шабыс 


2.
Көкпар 


3.
Серке тарту 


4.
Теңге алу 


5.
Балуан күрестіру 


6.
Ақсүйек 


7.
Серек құлақ 


8.
Орамал тастау 


9.
Хан жақсы ма? 


10.
Мыршым 


11.
Белбеу соқ 


12.
Ләппай тутәлә 


13.
Тоғызқұмалақ 


Мысалы: 1.Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу


балуан күрестіру - баршасы да осы күні болды [2, 238] деген сөйлемде қазіргі 
кезде ұлттық ойын түрі ретінде Орта Азия бойынша ойналып отырған ойын 
атаулары кіргендігінің дәлелі бола алады.
Бозбалалар ойнайтын қазақтың ұлттық ат спортына жататын ертеден 
келе жатқан ойындарының бірі - теңге алу . Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
мынадай анықтама берілген: «Теңге алу (ілу) – шұңқырда жатқан теңгені 
атпен шауып келе жатқан адамның іліп әкететін ұлттық ойыны». Теңге ілу 
ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана 
қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 
тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің 
ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.Желіп келе жатқан 
аттың үстіне отырып желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң 
жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. 
Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп 
ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. 
Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны бесеу болуы керек. 
Теңгелердің ара қашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп 
лақтырып тастауы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының 
уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылады. Ойынға 

жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ 


теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға 
болмайды. 
2.Алтыбақан қасындағы ән мен той тағы біраға созылып барған соң, 

Ербол тың ойын бастады. Онысы - «ақсүйек», содан кейін «серек құлақ» еді. 


[2, 274]. Ақсүйек те, серекқұлақ та ерекше мәліметтермен толықтырылып 
берілген. Ұлы ақынымыздың өміріндегі лирикалық махаббаттты суреттеу 
барысында Абайдың Тоғжанмен кездесуіне себепші етіп серекқұлақ ойынын 
көркем түрде береді. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың 
кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын сүйектің өзі 
«ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні 
қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып 
болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде 
ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше нұсқасы бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет