ҚазақТЫҢ ру-тайпалық ЖҮйесінің ҚОҒамның Әлеуметтік-саяси қалыптасуындағы рөЛІ



Pdf көрінісі
Дата22.02.2017
өлшемі192,23 Kb.
#4691

 

 

 



http://www.enu.kz

 

Т.С. Садықов, С.Сыздық  



Астана қ., Қазақстан 

 

ҚАЗАҚТЫҢ РУ-ТАЙПАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОҒАМНЫҢ 



ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ 

http://www.enu.kz

 

 

Ұлы  дала  кеңістігінде  қалыптасқан  қазақ  халқының  тарихы  сан  қилы  тағдырмен 



ӛрбіді.  Жүздеген  ғасырлар,  тіптен  мыңжылдықтар  бойы  ӛзінің  ӛмір  сүру  қалпына, 

салтына,  яғни  кӛшпелі  ӛмір-салттың  негізінде  қалыптасқан  дәстүрлі  қазақ  қоғамының 

ӛзіндік тӛл ерекшеліктері болды. Айтпаса да, түсінікті болатын негізгі ерекшелігіміз ол - 

қаншама  тарих  сынынан  ӛтсе  де  ӛз  болмысын  жоғалтпаған  ру-тайпалық  жүйеміз.  Бұл 

жүйе  ХҮ  ғ.  Еуразияның  дәл  орта  белінде  бүгінгі  күнгі  секілді  нақ  қазақ  атауымен 

аталатын Қазақ хандығы құрылған кездегі негізгі тірек институт болғаны мәлім дүние.  

Кез-келген  халықтың  пайда  болуы  және  қалыптасу  тарихы  –  ӛте  ұзақ  та  күрделі 

құбылыс. Оның нәтижесінде ортақ мәдениетке ие болған, бір тілде сӛйлесетін, этникалық 

қасиеттер  негізінде  ерекшеленетін  қауымдастық  қалыптасады.  Этностың  қалыптасуы 

және тұтастығының одан әрі сақталуы үшін оның бір аумақта тұруы және шекарасының 

мызғымас болуы қажет. 

Қазақ  халқы,  негізінен,  еліміздің  қазіргі  жерін  мекендеген  түптамыры  сонау  қола 

дәуіріне,  андронов  мәдениетіне  жататын    байырғы  тайпалардан,    ерте  темір  дәуіріндегі 

қазақ жерін мекендеген сақ тайпаларынан қалыптасты. Қола және ерте темір дәуірлерінде 

мекен  еткен  тайпалардың  ӛзіндік  мәдениеті  қазақтардың  қазіргі  ӛнер  туындыларында  да 

кӛрініс табуы ұрпақтан-ұрпаққа ұласып жеткен дәстүрді кӛрсетеді.  

Түріктердің Солтүстік Моңғолиядан Амударияның тӛменгі ағысына дейінгі аралықта 

мемлекет  құруы,  осы  кезеңде  қазақ  жерінде  ӛмір  сүрген  сақтар,  үйсіндер,  қаңлылар 

ұрпақтарымен  түрік  тайпалары  арасында  ӛзара  сіңісуі  ірі-ірі  тайпалық  бірлестіктерді 

тудырды.  Қазақ  этногенезінде  қимақтар  мен  қыпшақтар,  наймандар  мен  керейттер  де 

үлкен қызмет атқарды [1]. 

 ІІ  мың  жылдықтың  аясында  ӛмір  сүрген  тайпалардың  кӛшпелі  ӛмір-салтының 

тарихи  сабақтастығы  қазақ  этносының  қалыптасуына  себепкер  болды.  Осы 

мыңжылдықтар  арасында  қазақ  даласында  ӛмір  сүрген  мемлекеттердің  қай-қайсысының 

негізінде кӛшпелі тайпалар негізінде қалыптасқан ру-тайпалық жүйе жатыр.  

 Этнограф  ғалым  Ақселеу  Сейдімбектің  «Қазақтың  ауызша  тарихы»  еңбегінде: 

«Жалғыз-жарым  пенде  емес,  ауыл-аймағымен  қотарыла  кӛшу,  сӛйтіп  мыңдаған 

шақырымдық кеңістік аясында әрі табиғатпен тіл табысып жүріп, мейлінше тӛлтума ӛмір-

салт  орнықтару,  яғни,  шаруашылық-мәдени  типін  қалыптастыру,  түптеп  келгенде,  тек 

қана ұжымдық мүдденің біртұтастығы арқылы, тек  қана корпоративті рухтың бірбүтіндігі 

арқылы,  тек  қана  этноидеалдың  бір  нысанаға  бағытталуы  арқылы  мүмкін  бола  алатын 

үдеріс  (процесс).  Ақиқатында,  Еуразия  алқабында  үш-тӛрт  мың  жыл  бойы  кӛшпелілер 

мәртебесін биік еткен себептердің зоры да осы ру-тайпалық жүйе болатын» - деп кӛшпелі 

ӛмір-салты  орныққан  мемлекет  үшін  қоғамдық  құрылым  ретінде  ру-тайпалық  жүйенің 

болуы заңдылық екенін кӛрсетті [2].  

 Түрік  тайпаларының  біртұтас  халық  болып  қалыптасуын  моңғол  шапқыншылығы 

кешеуілдетті.  Қазақстан  жерлері  үш  моңғол  ұлысының  құрамына  енді.  Дегенмен, 

шапқыншылық барысында моңғолдар түрік ортасына сіңіп кетті де, түріктер негізінен осы 

ӛңірде ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ежелгі мәдениетті сақтап қала алды.  

Кӛшпелі  ӛмір-салтты    қоршаған  орта  қалыптастырса,  ал  сол  ортаға  байланысты 

кӛшпелі қауымдар белгілі бір шаруашылық түрін қалыптастырып, сол ортаға бейімделген, 

барлық  құрылымдық  қасиеттері  жақсы  жетілген  этникалық  жаралым  құрады  [3].    Осы 

жергілікті  этникалық  жаралымдар  негізінде  ХІҮ-ХҮ  ғ.ғ  қазақ  даласында  алғашқы  ірі 

мемлекеттер пайда болды.  



 

 

 



http://www.enu.kz

 

ХҮ  ғасырдың  50-60  жылдарында  Әбілхайыр  ханнан  Керей  мен  Жәнібек  бастаған 



тайпалардың  бӛлініп  шығып  кетуі  -    келешекте  біртұтас  «қазақ»  атауының  тӛңірегіне 

топтасқан халықтың пайда  болуының алғышарты еді.  

Алтын  Орда  аумағында  ӛмір  сүрген  кӛптеген  ру-тайпалардың  этногенеологиялық 

жүйесін  тыңнан  түзеп,  жаңадан  жасақтау  Қазақ  хандығын  құрушы  тұлғалардың 

мемлекеттік  деңгейде  жүзеге  асырған  ең  алғашқы  және  ең  ірі  реформасы  болатын.  Бұл 

реформа  Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейінгі  кезеңде  топтасқан  ру-тайпалардың 

этногенетикалық және этноқұрылымдық біртұтастығын кӛрсетуге бағытталған [2, 21].    

Ақселеу  Сейдімбек  айтқандай,  бір  шындықтың  басы  ашық,  қазақ  қоғамын 

жасаушылар қандай қоғам жасақтайтынын білген. Дәстүрлі қазақ қоғамының ру-тайпалық 

институттары, сол институттарға қатысты қалыптасқан түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, 

жол-жорасы,  жӛн-жобасы,  моральдық-этикалық  нормалары  бәрі  де  қатал  табиғат 

аясындағы  ӛмір  үшін  күрестің  кӛрінісі  болып  шығады  [2,  52].  Яғни,  кӛшпелілер 

қоғамында ру, тайпа, жүз бойынша ұжымдасып тіршілік құру ӛмірлік қажеттілік еді. 

 Қазақ    халқының  тарихы  халықты  құруға,  қалыптастыруға  негізгі  тірек  болған  ру-

тайпалардың  тарихы  болатынын  да  Ақселеу  ағамыз  ӛзінің  «Қазақтың  ауызша  тарихы» 

атты  монографиясының  «Шежіре  және  тарих»  деп  аталатын  тарауында  қарастырады. 

Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейін,  оның  құрамына  енген    ру-тайпалардың  жаңаша 

жасақталуына  орай    қазақ  шежірелері  де  жаңаша  түзілді  [2].  Ру-тайпалық  шежіре  бұл  – 

ұлтты  ұйыстыратын,  елдікті  орнықтыратын,  мемлекетті  нығайтатын  тегеурінді  тетік 

болды.  Ру-тайпалардың  генеологиялық  құрылымы  Қазақ  хандығының  әлеуметтік-саяси 

іргетасын бекемдеу үшін қажет дүние болатын.  

Қазақ хандығының этносаяси жағдайы ӛте күрделі болатын. Себебі, осы кең  далада 

тарихи  негізде  қалыптасқан,  шашыраңқы  ру-тайпалардың  бір  тӛңірекке  бірігуі 

болғанымен,  оны  одан  әрі      біртұтас  ету  сол  кездегі  Қазақ  хандығын  құрушылар  үшін 

маңызды  мәселе  болды.  Бұл    мәселені  оңтайлы  шешу  үшін  олар  Қазақ  халқын 

ұйыстырушы тайпалардың түбі  бір туысқандығын негізге алатын ұлттық  бірлік идеясын 

қалыптастырды.  

Туысқандық жүйе негізінде қалыптасқан ру-тайпалық құрылым  ұлттың тұтастығын, 

жұртшылықты бір мүддеге жұмылдырып, этнотұтастыққа алып келді. Қазақ қоғамындағы 

«жеке адам», «жанұя», «әулет», «ата», «ру», «тайпа», «жүз», «халық» сынды туысқандық 

атаулар  арқылы  бір-бірімен  сабақтасып  жатқан  туысқандық  жүйесі,  «қарға  тамырлы 

қазақтың» ру-тайпалық құрылымы этникалық даралық немесе этникалық оқшаулық емес, 

ол  біртұтас  этноәлеуметтік  жаралым  еді.  Дәстүрлі  ру-тайпалық  жүйеде  рулық  буынға 

дейін  қандас  туыстар  болса,  рудан  бастап  қандас-туыстығы  әртекті  әлеуметтік-саяси 

бірлестіктер болып келеді [2, 130-140]. 

Осы  этнотұтастыққа  қол  жеткізу  үшін  ру-тайпалардың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 

салт-дәстүрлері,  яғни  ұлт  тұтастығын  қамтамасыз  етудегі  «сүйек  қосу»,  «сүйек 

жаңғырту», «енші беру» дәстүрлерінің маңызы зор болды [4].   

Қазақ хандығы аумағының ұлғаюына байланысты  хандық құрамына ру-тайпалардың 

кӛптеп  қосылуы  ру-тайпалық  жүйесінің  жаңаша  жүйеленуіне  қажеттілік  туғызды.  Осы 

ұлан-ғайыр  алқаптағы  ру-тайпаларды  басқару  үшін  жүздік  бӛліктер,  Ақселеу  ағамыз 

айтып  ӛткендей  «этникалық  бӛліктер  емес,  басқару  үшін  пайда  болған  әлеуметтік  және 

әкімшілік-аумақтық бӛліктер»  ұйымдастырылды [2, 83].  Қазақ хандығы құрамындағы ру-

тайпаларды  жаңаша  жүйелеудің  орнығуына  орай,    ХҮІ-ХҮІІ  ғ.ғ  барысында  қазақ 

жеріндегі этникалық қалыптасу аяқталды.  

Ру-тайпалардың  жүздер  бойынша  жіктелуі  Қазақ  хандығындағы  этноәлеуметтік 

саясат  негізінде  жүргізілді.  Ежелден  келе  жатқан  ру-тайпалық  құрылымдар  жүйесін 

ӛзгертпестен Қазақ хандығын құруға негіз ету болмайтын еді. Кейінгі орта ғасырда қазақ 

жерінде  ӛмір  сүрген  мемлекеттерде  ӛзгеріссе  ұшырамаған,  шаңырағы  шайқалмаған  ру-

тайпа  болмауынан  бұл  құрылымдарды  жаңаша  реттеу  қажеттілігі  туындады.  Ру-

тайпалардың  жаңадан  жүйеленуі  бір  мемлекет  құрамына  ұйысу,  бірігу  жолындағы  ең 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

ұтымды шешім болғаны тарихи шындық. Осы біртұтастықты сақтау мақсатында бұдан әрі 



осы  халықты  бір  түбірден  ӛрбітетін  шежірелік  аңыздардың  пайда  болуы  ел  болып  ӛмір 

сүруге бағытталған заңдылық еді.  

Қазақ хандығы құрылған кезде құрамына кірген ру-тайпалардың жаңадан жүйеленуі 

әр  ру-тайпаның  ұранынан  аңғаруға  болады.  Қазақ  ру-тайпаларының  ұранына  шыққан 

тұлғалардың бәрі де Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезеңге жатады. Дәстүрлі қазақ 

қоғамындағы  әр  ру-тайпаның  ұраны  мен  ен-таңбасы  әлеуметтік  құқықтық  ахуалды 

кӛрсететін ұлттық идеяның нышандық кӛрінісі болды [2, 91-92; 640-641].   

Кӛшпелі ӛмір-салтты баянды ететін тек әулеттік, рулық, тайпалық ұжымдасулар ғана 

жеткіліксіз  еді.  Қоғам  ӛмірін  реттеп  отыратын  және  этноақпараттық  ӛрісті 

қалыптастыратын  шежірешілдік  дәстүр  жүргізілді.    Қазақтың  дәстүрлі  қоғамындағы  ру-

тайпалық  жүйе  мен  оның  ішкі  құрылымдары  (туыстық  жүйе)  кӛшпелі  қазақтар 

арасындағы этноақпараттық ӛрістің негізі болды. Яғни, әрбір кӛшпелі қазақ үшін ӛмірлік 

қажеттілік  ретінде  тұтас  ұлт  деңгейіндегі  рулық  жүйені  біліп,  шежірелік  деректерден 

хабардар болуы орныққан салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша ӛмір сүрудің алғышарты деп 

білген. Әрбір жеке тұлғаның қамқоршы тірегі тұтас ру болса, сол ру намысын әрбір жеке 

азамат ӛз намысы ретінде қорғады.  

Шежірешілдіктің  бастауы  негізінен,  сонау  ерте  замандағы  кӛшпелілерден  бастау 

алғанымен,  дәстүр  ретінде  Қазақ  хандығы  құрылған  тұста  айрықша  мазмұнға  ие  болды. 

Қазақ хандығы құрылған тұста ру-тайпалық құрылымдарды негізгі тірек етіп алған шақта 

осы  жүйені  қалық  жұртқа  орнықтыру  үшін  және  ел  ішінің  саяси-әлеуметтік  ахуалына 

ықпал ету үшін қоғамдық қажеттілікке айналды [2, 34].  

Дәстүрлі  қазақ  қоғамының  ру-тайпалық  институттары,  сол  институттармен  тікелей 

сабақтаса қалыптасқан идеологиясы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жорасы, жӛн-жобасы, 

моральдық-этикалық  нормалары,  наным-сенімдері  қатал  табиғат  аясындағы  ӛмір  үшін 

күрестің нақтылы кӛрінісі болып шығады. Сондықтан да, кӛшпелі ӛмір-салт қазақ қалпын 

қалыптастырған экожүйенің қажеттілігі. Ал, зорлап отырықшы ету, біртұтас елді жіліктеп 

бӛлу,  елді  сатылы  бағыныштылы    шеңберінде  ұстау  тотаритарлық-отарлық  жүйенің 

мүдделі  мақсаты  болды.  Ал,  қазақтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әлеуметттік  –саяси 

құрылымын  түп-тамырымен  бұзды.  Керек  десеңіз,  қазақ  халқының  ӛмірінде  білуге 

қажетті  ӛмірлік  ұстанымы,  ӛз  шежіресін  білуды  ұмыттырды.  Бұл  ұмыттыру,  қазіргі 

уақытта  ӛз  шежіресін  білу  туралы  түсініктің  керағар  пиғылын  қалыптастырды. 

Отаршылдар  қазақ  халқының  дәстүрлі  ру-тайпалық  жүйесі  мен  сол  жүйеге  негізделе 

қалыптасқан  әлеуметтік-саяси  құрылымын  жойғанда  ғана  халыққа  толық  үстемдік 

ететіндіктерін жете түсінді.   

Әрине, үш ғасырға жуық аралықта отаршылдық енгізген тәртіпке уланып ӛскен сана 

қазақтың дәстүрлі қоғамы жӛнінде қандай кӛзқараста болғаны түсінікті жағдай. Кеңестік 

заманда  тіптен  ӛзінің  ата-тегін  сұрау,  айып  болып,  ол  дегеніңіз  рушылдықтың, 

ұлтшылдықтың белгісі болды.  

Анығына  барғанда,  ӛзінің  шыққан  ата-тегін  білу  -  ру-тайпаға  жіктелу  емес,  ӛз 

шежірең  арқылы  туысқандық  жүйе  негізінде «қарға  тамрылы  қазықтың»  біртұтас  екенін 

білдіру  болып  табылады.  Отарланған  жердегі  халықтардың  бірігуінен  қорыққан 

отаршылар,  сол  халықты  біріктіріп  тұрған  ру-тайпалық  құрылымды  керісінше  ӛздеріне 

қажетті  құрал  ретінде  бӛлшектеуге  пайдаланды.  Отарлық  салдарынан  болған  халық 

санасының  улануы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ру-тайпаға  жіктелуді  жеке  пайдасына 

пайдаланғысы келгендер болды, ӛкінішке орай әлі де бар.  

Қазақтың  рушылдығы  қазақтың  қоғамында  ру-тайпалық  жүйенің  болғандығынан 

емес,  керісінше  сол  ру-тайпа  жүйесінің  ұлтты  ұйыстырушы  жүйе  екенін  білмей 

сорлауында жатыр. Рушылдық, жүзшілдікке бӛлініп жүргендерге «рухани жарымжандар» 

ретінде  қарауға  тура  келеді  [2,  23-24].    Ру-тайпалық  жүйені  негіздейтін  қазақ 

шежірешілдігін  білуден  еш  қауіп  жоқ  екені  айдан  анық.  Керісінше,  рушылдық  болуы 

мүмкіндеген  дүниелерді  айтып,  ұлттық  құндылықтарымызды  ӛшіру  «рушылдықтан»  да 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

қауіпті  дүние.      Қазақты  ұлт  ретінде  қалыптастырған,  оның  әлеуметтік-саяси  ӛмірінің 



тұғыры болған  ру-тайпалық жүйені түсінбеу, білмеу ӛткен тарихына деген құлықсыздық 

болып табылады. Ӛйткені, ӛзінің кім екенін, қайдан шықты, қалай ӛрбіді деген сұрақтарға 

жауап бере аламау ӛткен тарих пен қоса болашақты да бұлыңғыр етеді.  

Қазақтың    әр  заманда  да    «рушылдықтан»  немесе  тобырлық-үйірлік  түйсіктен  ада 

болғанын:  «  «Ел  дегенде  иіліп,  жұрт  дегенде  жиылған»  қазақ,  «Ағайынның  атынан 

ауылдастың тайы озғанын» тілейтін қазақ, «Адасса елімен бірге адасуды» қалайтын қазақ, 

«Кӛппен кӛргеннің бәрін ұлы тойға»  балайтын қазақ, «Ӛзге елдің сұлтаны болғаннан гӛрі 

ӛз елінің ұлтаны болғанын» кӛксейтін қазақ, «Ел ішін алтын бесік» деп ардақтайтын қазақ, 

«Елінен безген ердің оңбайтынына» кәміл сенген қазақ, «Отанын оттан ыстық» деп ӛліп-

ӛшіп отыратын қазақ» деп Ақселеу ағамыз жазып кеткен болатын [2, 22]. 

Сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қазақтың  ру-тайпалары  әлеуметтәк-саяси  және 

әкімшілік-аумақтық  бірлестіктер  ретінде,  қазақ  ұлтының  ұлт  ретінде  қалыптасуына 

тарихи алғышарттар жасады.  

 

ӘДЕБИЕТ  

 

1.

 



Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы. Алматы:Атамұра-Қазақстан,1994. 

2.

 



Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. Астана: Фолиант, 2008.  

3.

 



Артықбаев Ж.О. Этнос және қоғам.ХҮІІІ ғ. Қарағанды,  1995. 

4.

 



Нысанбаев Ә. Қазақтың ауызша тарихы - тарихи сана айғағы//Қазақ әдебиеті, 2009, 3 

сәуір. 


  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет