ның орны сияқты десек, асыра айтқандық болмас еді...
Анда-санда күріш егілген дала, күтімсіз жүзімдіктер
кездеседі... Діни фанатизмге ұшыраған жалқау адам
оларды алланық рахымына тапсырғандай. Бір кездегі
көгалдардың..., көк қақпалы қалалардың орнында ая-
нышты лашықтар тұр. Оларда ислам діні аздырған жә-
не дін мен монархиялық деспотизм идиотизмге жеткізе
меңіреу еткен тайпалар тұрады»1
Ағартушының бұл пікірлерінен, бір жағынан, ислам
дінінің реакцияшыл, кертартпа ролін ашық айқындаған
алдыңғы қатарлы көзқарасы көрінсе, екінші жағынан,
оның әлеуметтік көзқарасының идеалистік тар өрістілі-
гі де білінеді. Гүлденген қалалардың күйреу және мәде-
ниеттің құлдырап төмендеуініқ себептерін тек діни
фанатизмнен іздеу — Шоқанның әлеуметтік көзқараста-
рының тар шеңберлігінен.
*
*
*
«Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген
еңбегінде Шоқан молдалар мен қожалардың араб пен
парсы сөздерін мазмұнсыз көп қолдануларының салда-
рынан, яғни мұсылман дінінің ықпалымен қазақ тілінің
бұзылып бара жатқанына қатты қиналады. «XIV—XV
ғасырларда, қазақ даласына татар молдалары мен Ор
та Азия қожалары көп келмеген кезде, қазақ тілі таза
да, бай еді»,— деп шет тілдердің әсерімен, әлі шұбар-
ланбаған, нағыз таза қазақ тілінің үлгісі ретінде Шоқан
өзі халық арасынан жазып алған «Орақ батыр», «Едіге»
жырларын атап айтады.
Шоқанның өз шығармаларының көпшілігін орыс ті-
лінде жазғаны белгілі. Бұл жағдай түсінікті де. Өйткені
Шоқан кезінде баспа бетінде жариялану үшін (Россия-
да да, Европада да) тек қана орыс тілінде жазу қажет
болды. Егер Шоқан олай етпегенде, біз оның осы құнды
мұрасын көре алмаған болар едік. Шоқанның даналы-
ғы сонда — ол өзінің рухани қазынасын орыс тілі ар-
қылы ұрпақтарға мұра етіп қалдырды.
Шығармаларынын, көбін орыс тілінде жазса да, ка
зак тілін, шұбарланбаған таза, халык тілін Шоқан өте
жақсы білген, ана тілін жан-тәнімен сүйген. Ол мынау
бір төмендегі ойларынан мөп-мөлдір, тап-таза күйінде
сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: