«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Уәлиханов ІІГ.
Таңдамалы. 152-бет.
35


зақ даласында ислам дінінің терең тарамағандығын 
еске ала отырып, қазақтарды христиан дініне кіргізу, 
христиандандыру, жергілікті халықтьщ тілімен айгқан- 
да, шоқындыру; үшіншіден, қазақтың кең даласындағы 
әр облыстардың жергілікті ерекшеліктерін еске ала оты­
рып, ислам мен христиан дінінің ортасынан жаңа дін — 
«аралық дін» шығару. Енді осы саясаттардың әр қай- 
сысына қысқаша тоқталайық.
Бірінші мақсатты іске асыру үшін патша үкіметі са- 
насы дала ауасындай таза, діндарлығы аз халықты ис­
лам дінінің фанатизміне сендіріп, өз жарлығын, әмірін 
«алланың» бұйрығындай орындатуға ұмтылды. Осыған 
орай «...біздің сібірде үкімет мұсылмандықты қамқор- 
лыққа алды, соның арқасында біздід облыста ислам 
ауа жайылып, етек алып отыр. Бүкіл қырда татардың 
шала молдасы көбейіп, Орта Азиядан шыққан әулиелер 
қаптап кетті. Біраз уақыттан бері шекаралық округтер- 
ге дәруіштік жолды тұтқан күрт, ноғай, түріктер келе 
бастады. Шетелдік мұсылман кезбелерінің, әсіресе та­
тар саминаристерінің (мен бұларды әулиелер емес, на- 
ғыз табынушылар деп білемін) мүддесі қазақтарды 
соқыр наныммен шырмап, дінге бас ұрғызу»1,— дейді 
Шоқан.
Патша үкіметі сахарада ислам дінін тарату, тұрақ- 
тату үшін татар, башқұрт, ортаазиялық молдалар мен 
қожаларды жан-жақты пайдаланды.
Ол кезде қазақ даласына ислам дінін тұрақтату 
үшін қай жақтан қанша молдалар жіберілгені туралы 
мәлімет жоқ, ал Шоқанның өз байқауындағы жағдай 
мынадай болған: «Біздің болыстың әр ауылында көшпе- 
лі мектеп бар. Ондағы мұғалімдердің басым көпшілігі 
татар молдалары немесе семинаристер, Көкшетау, Ат- 
басар мен Ақмола округінде татарлар басым. Ал Баян- 
ауыл мен Қарқаралы жақта кейінгі кезде оларды ор- 
таазиялықтар ығыстыра бастады». Орыс үкіметі қожа- 
молдалармен қосылып, «аңқау қазақты алдап соғуда»2.
Патша үкіметі өзінің отаршылық саясатын жүзеге 
асыру үшін татарды, ортаазиялық қожа-молдаларды, 
діни мектептерді бар пәрменімен пайдалануға тырысқа- 
нына қарамастан: «Мұсылмандық әзірге біздің тәніміз- 
ге сіңіп, қанымызға араласа қойған жоқ. Бірақ ол бізге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет