жүздеген ұлттардың ішінде қазақ халқының да өз орны
бар екенін түсіндіруді өздеріне міндет деп санады.
Бұл жерде еске алатын ерекше бір мәселе — ұлттық
сана мен ұлтшылдық сананы шатастырмау керек. Әр
ұлттың саналы азаматы ұлттық саналы болуы қажет те,
ұлтшылдық санамен күресуі қажет. Әр халықтың, әр
ұлттың прогресшіл, алдыңғы қатарлы өкілдері өз хал-
қының, өз ұлтының тұтастығын, бірлестігін жақтаған,
қостаған, сол үшін күресіп, өз ұлтының жақсы қасиет-
терін мақтаныш еткен. Өз ұлтының тұрмыстық, тұр-
мыстық-мәдени жетістіктерін бүкіл адамзат қоғамының
үлгілі жетістіктеріне үлес етіп қоспақ болған.
Осындай жайды В. И. Ленин өзінің «Великоростар-
дың ұлттық мақтанышы туралы» деген еңбегінде диа-
лектикалық тұрғыдан айқын көрсеткен. «Біздерге, вели-
корустың саналы пролетарларына, ұлттық мақтаныш
сезімі жат па? Эрине, жат емес! Біз өз тілімізді және
өз отанымызды сүйеміз, біз
оның
еңбекші бұқарасын
(яғни
оның
халқының 9/10 бөлігін) демократтар мен
социалистердің саналы өміріне дейін көтеруге бәрінен
де гөрі көп еңбек сіңіріп жүрміз...... великорус мужигінің
демократ бола бастағандығын, поп пен помещикті құла-
та
бастағандығын
біз
мақтаныш
етеміз»1 — деп
В. И. Ленин ұлттық сана мен ұлтшылдық сананың айыр-
машылығын айқын ашып берді.
Цемек, ұлттық сана ешбір басқа ұлттардың тарихы-
на, сезіміне, дәстүр-салтына, тіліне, материалдық және
рухани мәдениетіне өз ұлтының тарихын, сезімін, дәс-
түрін, тілін, материалдық және рухани мәдениетін қарсы
қоймайды. Ұлттық сананың негізгі бір белгісі — ол өз
ұлтын басқа ұлттардан артық та емес, кем де емес, тең
деп санайды.
Оның керісінше, «ұлтшылдық сана» өз ұлтын өзге
ұлттардан гөрі ерекше жаралған ұлт, оның қаны да өз-
геше, жаны да өзгеше, сондықтан тілі де, әдет-ғұрпы да
баска ұлттардан ерекше жаралған, «басқа ұлттарға үл-
гі болу үшін жаралған ұлт» деп өз ұлтын басқа ұлттар-
ға қарсы қоюдан туған ұғым.
Біздің үш ағартушымыз мұндай жалаң, жайдақ, ко
рам қатынасы, халықтар қатынасы үшін зиянды пікір-
лерден мүлде аулақ. Олар баска да көптеген елдердің
озық ойлы қамқоршылары сияқты өз халқының рушыл-
Достарыңызбен бөлісу: