айқын аңғарады. Сол сияқты
адамдардың діни сенімі де
табиғат күшінің адамға еткен өктемдігінің әсерінен,
адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы
әлсіздігінен пайда болған деп дәлелдейді. «Қазақтар-
дағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде ислам ді-
нінің шығу тарихына тоқтала келіп: «Табиғат
пен адам,
өмір мен өлім әрқашанда ақыл жетпес құпия сыр болып
келді. Табиғат пен адам! Табиғат пен адамнан асқан
керемет пен құпия сыр болуы мүмкін бе, айтыңызшы!
Әлемді жәңе оның ғажайып ғаламаттарын,
өмір мен
өлімнің сырын, адамның табиғатқа деген қарым-каты-
насынын, құпиясын білу сияқты қажеттіктерден келіп
әлем мен табиғатты,
өлген адамдарды құдай тұтып
қастерлеу — шаман дінін туғызды. Сөйтіп сәбилік дәре-
жедегі адам күнге, ай мен жұлдыздарға және біздің та-
биғат немесе әлем деп атап жүрген шетсіз-шексіз мәң-
гілікке, бәріне табынатын болды»1,— дейді.
Діннің пайда болуын ғылыми түрғыдан түсінуде
Ш. Уәлиханов Маркске дейінгі
материалистер деңгейін-
де болды. Табиғаттан тысқары ешбір құдіретті күштің,
құдайдың жоқтығын ашық айтып, дінге атеистік тұрғы-
дан қарады.
Ескере кететін бір жағдай, Ш.
Уәлихановтың атеис-
тік көзқарасында тұйықталу, шектелушілік болды және
ол үнемі бір бағыт ұстай алмады. Алайда артта қалған,
феодалдық-рушыл елде өмір сүріп,
қызмет еткен жас
ғалымнан мұнан артықты талап ету жөнсіз де болар
еді. Ол кезде дінге сенудің себептерін, діннің таптық
астарын алдыңғы қатарлы
Европа ойшылдары да то-
лык түсіндіре алмады. Толық ғылыми түсінікті тек
марксизм негізін салушылар ғана бере алды.
Шоқанның түсінуінше, діннің шығуының себебі тек
табиғаттың стихиялық күштері ғана емес. Діннің шы-
ғуының тағы бір себебі — адамның өзінде, оның сана-
сының абстракциялау қабілетінде. Адам санасында «құ-
дай» туралы идеялардың жасалу продесін түсінуге
ұмтылған Шоқан: «Табиғаттың енді бір ғажабы — адам-
ның өзі.
Сол қабілетті тірі жан, ол ойлай алатын, жан-
жағына бағдарлай, сынай қарайтын жаратылыс кереме-
тін
аңғаруға, түсінуге келмейтін табиғат күштері бол-
мысының өзі құдай деген құдіреттің. дүниеде барлығы
емес пе? Адам шаман бейнесіндегі тірі рухқа және ар-
Достарыңызбен бөлісу: