Қазы жалпы орта білім беретін мектебі жұмыс дәптері құрастырушы


Тоқырау жылдарындағы Қазақстан



бет7/9
Дата29.10.2022
өлшемі439 Kb.
#46192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
9 СЫНЫП НОВЕЙШАЯ ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА

Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

1. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: ________________________________


2. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы: ________________________________
3. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрген жыл: ________________________________
4. Целиноград оқиғасы болды: ________________________________
5. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы болып тағайындалды: ________________________________
6. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы: ________________________________
7. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті: ________________________________
8. Қапшағай электр станциясы салынды: ________________________________
9. Жамбыл электр станциясы салынды: ________________________________
10. Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп,мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырды: ________________________________
11. 1980 жылдардың ортасында республикадағы жоғары оқу орындарының саны: ________________________________
12. 1980 жылдардың ортасында республикадағы орта арнаулы оқу орындарының саны: ________________________________
13. С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған туындысы ________________________________
14. КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым ________________________________
15. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған ұйым ________________________________
16.1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі ________________________________
17. Ж.Шаяхметовтің республиканың партия ұйымын басқарған жылдары ________________________________
18. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы ________________________________
19. КСРО кезінде жергілікті өкімет билігі қолында болды ________________________________
20. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: ________________________________
21. Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: ________________________________

22. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: ________________________________


23. 1979 ж. 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: ________________________________
24. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл: ________________________________
25. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы: ________________________________
26. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған: ________________________________
27. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны: ________________________________
28. ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: ________________________________
29. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: ________________________________
30. 1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді: ________________________________
31. 1975 ж. Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы: ________________________________
32. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстар: ________________________________
33. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі: ________________________________
34. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: ________________________________
35. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: ________________________________
36. 1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым: ________________________________
37. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: ________________________________
38. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы: ________________________________
39. 1972 жылы салынған электр станциясы: ________________________________
40. 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек: ________________________________
41. Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы: ________________________________
42. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауыт: ________________________________
43. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: ________________________________
44. Батыс Қазақстандағы атом полигоны : ________________________________
45. Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін жасалған ашық жарылыстың саны: ________________________________
46. Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны: ________________________________
47. 1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: ________________________________
48. 1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы: ________________________________
49. 1970 жылдар ішінде Қазақстанда көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндірген өндіріс орны: ________________________________
50. 1960 жылдың ІІ жартысында Өзеннен мұнай, газ құбырлары тартылған қала: ________________________________
51. 1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: ________________________________
52. 1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт: ________________________________
53. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон: ________________________________
54. 1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: ________________________________
55. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: ________________________________
56. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: ________________________________
57. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: ________________________________
58. 1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ: ________________________________
59. Капустин Яр атом полигоны орналасқан облыс: ________________________________
60. 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала: ________________________________
61. 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: ________________________________
62. 1970 жылдары республика одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: ________________________________
63. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: ________________________________
64. Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл: ________________________________
65. 1970 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа үлгісін енгізуге тырысқан: ________________________________
66. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым ________________________________
67. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым ________________________________
68. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны ________________________________
69. КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы ________________________________
70. Ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан ________________________________
71. Өзеннен алғаш мұнай алынды ________________________________
72. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылылыстар жасалды ________________________________
73. Суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны ________________________________
74. Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны ________________________________
75. 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны ________________________________
76. 1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны ________________________________
77. 1960-1980 жылдары түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды ________________________________
78. 1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт ________________________________
79. 1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын ________________________________
80. Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар ________________________________
81. Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры ________________________________
82. 1946 жылы маусымда құрылды: ________________________________
83. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: ________________________________
84. Минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілген ғалымдардың бірі: ________________________________
85. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт: ________________________________________________________________
86. Қазақстанда 1958 жылы құрылған институт: ________________________________
87. «Қазақ КСР тарихының » екі томдығы жарияланды: ________________________________
88. Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: ________________________________
89. «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген партиялық тұжырым қабылданды: ________________________________
90. М.Әуезов «Абай» романының екі кітабын жазып бітірді: ________________________________
91. 1959 жылы шығармасы әдебиет пен өнер саласында Лениндік сыйлыққа ұсынылған қазақ жазушысы: ________________________________
92. КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер: ________________________________
93. 1949 жылы қоюшылары мен орындаушыларының бір тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған опера: ________________________________
94. 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара»
операсының авторы, белгілі сазгер: ________________________________
95. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар: ________________________________
96. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы: ________________________________

97. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсетуге қор жасау үшін ұйымдастырылған шара: ________________________________


98. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салынды: ________________________________
99. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: ________________________________
100. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: ________________________________
101. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды: ________________________________
102. 1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара: ________________________________
103. 1965-1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны: ________________________________
104. 1965 жылы республика халық шаруашылығындағы жұмыс істеп жатқан дипломды мамандардың саны: ________________________________
105. 1970 жылдар ішінде жүздеген метептер жабыла бастады: ________________________________
106. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік: ________________________________
107. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі: ________________________________
108.1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген ғалым: ________________________________
109. 1960-1970 жылдары гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен ғалым: ________________________________
110. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым: ________________________________
111. Еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы: ________________________________
112. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: ________________________________
113. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: ________________________________
114. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: ________________________________
115. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: ________________________________
116. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі: ________________________________
117. «Қан мен тер» триологиясының авторы: _______________________________
118. КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған, майталман ақын: ________________________________
119. Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты жазған жазушы ________________________________
120. Әбу Насыр әл Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы ________________________________
121. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы ________________________________
122. Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы ________________________________
122. Ұлы Отан тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шыққан жазушы ________________________________
123.Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: ________________________________
124. XX ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектерді бағалау оның авторларына ғылыми дәреже беру шешілді: ________________________________
125. Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған: ________________________________
126. XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған ансамбль: ________________________________
127. XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші: ________________________________
128. XX ғасырдың 70-80 жылдары есімі әлемге әйгілі болған әнші: ________________________________
129. Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды: ________________________________
130. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: ________________________________
131. Тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз ғылым саласы: ________________________________
132. 1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық: ________________________________
133. 1948 жылы республикада 15 жасқа дейінгі оқуға тартылмай жүрген балалардың саны: ________________________________
134. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде даярлауы басым мамандық: ________________________________
135. Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған оқу орындары: ________________________________
136. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм: ________________________________
137. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм: ________________________________
138. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Атаманның ақыры» кинофильмінің қоюшы-режиссері: ________________________________
139. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы-режиссері: ________________________________
140. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар: ________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет