Қазы жалпы орта білім беретін мектебі жұмыс дәптері құрастырушы



бет1/9
Дата29.10.2022
өлшемі439 Kb.
#46192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
9 СЫНЫП НОВЕЙШАЯ ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА


ҚАЗЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ





ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

Құрастырушы:
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің
тарих және география мұғалімі
Жупарбеков Меиржан Махамбетүмбетұлы
Рецензент:
Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы
Кабинетінің әдіскері: Аушахманова Б.Т.

АЛҒЫ СӨЗ

Жұмыс дәптері жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған «Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» пәнінің оқу бағдарламасына негізделіп жасалды.


Оқу құралындағы тапсырмалар тақырыптар бойынша және тарихи оқиғалардың хронологиялық тәртібіне сәйкес негізінен жабық тест түрінде берілген. Мұндай тапсырмалар жаңа буын оқулығында берілген, бағдарламада көрсетілген ғылым негіздерін оқушылардың өздігінен ізденіп, тереңірек түсінуіне, естеріне сақтауына мүмкіндік туғызады.
Жұмыс дәптері сабақ барысында немесе үй тапсырмаларын орындаған кезде пайдаланылады. Сонымен қатар бұл оқу құралы ҰБТ-ға дайындық барысында пән бойынша өткен сыныптардағы бағдарламалық білім мазмұнын қайталап, есте сақтау үшін қолдануға болады. Онымен жұмыс істегенде мыналарды ескерген жөн:

  1. Тапсырмалар тиянақты орындалуы үшін берілген сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланған жөн.

  2. Тапсырмаларды орындаған уақытта оқулықты, атласты пайдалану керек.

  3. Тақырыпты оқып меңгеруде жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға ерекше мән беріп, қиындық келтірген жағдайда, оны мұғалімнің көмегімен толтырған орынды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістке желеу болған себеп: ________________________________
2. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: ________________________________
3. 1916 жылғы 23-тамыздағы үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы жарлық шығарған генерал-губернатор ________________________________
4. 1916- жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: ________________________________
5. 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы ________________________________
6. 1916 жылы 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған елді мекен: ________________________________
7. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: ________________________________
8. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: ________________________________ 9. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: ________________________________
10. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген: ________________________________
11. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы: ________________________________ 12. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: ________________________________
13. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: ________________________________
14. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі: ________________________________
15. Торғайдағы көтерілісшілер саны: ________________________________
16. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды: ________________________________
17. 1916 жылы 23 тамызда қара жұмыстан босатылатындар туралы құпия бұйрық шығарған генерал-губернатор: ________________________________
18. 1916 жылы 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты: ________________________________
19. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны ________________________________
20. Верный уездінің Жайымтал болысының ханы болып кім сайланды? ________________________________
21. 1916 жылғы 20 шілдеде А.Куропаткин генерал–губернаторы болып тағайындалған өлке: ________________________________
22. 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген салық түрі: ________________________________
23. ­Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы: ________________________________
24. Торғайды 15 мың көтерлісшісімен қоршаған сардарбек кім? ________________________________
25. Патша үкіметі Боралдай асуында жұрт алдында дарға асқан көтеріліс басшысы: ________________________________
26. Қарқарадағы көтерілістің жетекшілерінің бірі: ________________________________


Картамен жұмыс
Кескін картаға 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты орталықтарын белгіле.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет