Азық-түлікті қорғау. Азық-түлік сақтаудың заманауи технологиялары


Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі177,65 Kb.
#129752
1   2   3   4   5
Байланысты:
адам өм қау 12.1

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау 

  • 1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына, буылып-түйiлуiне, таңбалануына, бақылау (талдау) әдiстерiне, бағалау рәсiмдерiне және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растауға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленедi.
  • 2. Тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) тамақтық және энергетикалық құндылығына, қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу (сату) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттарда және санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.

3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi. Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi. Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi.

  • 3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi. Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi. Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi.
  • 4. Ұлттық стандарттарды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитариялық қызмет өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет