Азық-түлікті қорғау. Азық-түлік сақтаудың заманауи технологиялары


ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі177,65 Kb.
#129752
1   2   3   4   5

ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады:

- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі;

- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы;

- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;

- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;

- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және

тұздануы;

- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;

- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы;

- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;

- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.

Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін төмендегі шаралар жасалуы қажет:

Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін төмендегі шаралар жасалуы қажет:

- Қазақстанда азық-түлік саласына терең талдау жасап, әр өнім түрі бойынша елімізде өндірілу, сырттан әкеліну көрсеткіштерін есептеу. Бұл ретте азық-түлік түрлерінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі шарттарын ескеру керек;

- Талдау қорытындысы бойынша әрбір салаға бөлінетін қаржы, әкімшілік, жер, кадр ресурстары мәселелеріне қатысты нақты шешімдер қабылдау және оны орындауда жауапты тұлғаларды бекіту;

- Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін өндірілетін азық-түлік түрлерінің тек қоймаларда есеп беру үшін сақтап қоймай, жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету;

- Азық-түлік сапасына зерттеулер жүргізіп, белгілі бір жүйеге келтіру;

- Әр облыс, әр қалада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша шағын аймақтық кластерлер құру.

Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.

  • Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет