Азимбаева Гулбайра Ералиевна Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата01.12.2022
өлшемі160,8 Kb.
#54171
түріҚұрамы
1   2   3   4
Химиялық құрамы
Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді.


Қолданылуы
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.
Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.
Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.
Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.
Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.
Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.
Препараттар: Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сұйық экстракты мынжапырақ және қырмызыгүл экстрактарымен бірге «Ротокан» препаратының құрамына кіреді.


Көбейтілуі
Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет