Қазіргі қазақ ЖӘне түрік тілдеріндегі септік жалғауларының сипаты исатаева Н. Ж



Pdf көрінісі
Дата15.02.2017
өлшемі211,45 Kb.
#4167

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК 

ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ 

 

Исатаева Н.Ж. 

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент М.А. Тұрсынова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды 

қаласы  


 

Жалғаулар  сөйлемдегі сөздердің  аралықтарындағы  жалпы  қатынастарды 

білдіреді  де,  сол  қатынастың  көрсеткіші  ретінде  қызмет  атқарады.  

Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, септік, тәуелдік және жіктік. Бұл жалғаулар 

түркі  халықтар  тіліне  ортақ.  Соладың  ішіндегі    қазақ  тілі  мен  түрік  тілінің 

септік  жалғауларын  салыстыра  қарайық.  Түрік  тілі  мен  қазақ  тілінің  септік 

жалғауы  бір-біріне  өте  ұқсас  келеді.  Алайда  қазақ  тілінде  жеті  септік 

болса,кей    түркі  тілдерінде  алты  немесе  сегіз  септік  бар.  Алты  септік  бар 

тілдерде  қазақ  тіліндегі  көмектес  септігі  болмаса,  сегіз  септік  бар  тілдерде 

құралдық, себептілік септіктерінің болуымен ерекшеленеді. 

Септік  (ismin  halleri)  сөйлем  ішінде  бір  сөзбен  екінші  сөзді 

байланыстырып  тұрады.  Ескі  жазба  ескерткіштерде  жеті  септік  түрі 

кездеседі.  Әр  септік  жалғауларының  дыбыс  үндестігіне  байланысты 

нұсқалары бар. 



Атау септігі (Yalın hal). Атау септік көне ескерткіштерде де, қазіргі түркі 

тілінде де арнайы көрсеткіші  жоқ септік түрі.  Түркі  тіліндегі атау септігі де 

Kim?  Ne?  (Кім?  Не?)  сұрақтарына  жауап  беріп,  затты  атап  көрсетеді. 

Мысалы:  baba-әке,  ev-үй,  oda-бӛлме,  baş-бас,  çocuk-бала  т.б.  Атау  септігі 

сөйлем ішінде кездесіп, бірнеше синтаксистік қызмет атқарады: 

1.

 



Атау  септігіндегі  сөздер  негізінен  бастауш  қызметін  атқарады:  Dost 

ağlatır, düşman gülgürün(Дос жылатар, дұшпан күлдірер); 

2.

 

Жеке  тұрып  та,  немесе  көмекші  сөздермен  тіркесіп  те  баяндауыш 

болады: Bu-öğretmen – бұл-мұғалім; 

3.

 



Толықтауыш та бола алады: Ağaç kestim-ағаш кестім;[2; 72] 

Казақ тіліндегі атау септік бір жағынан басқа септіктермен мағыналарын 

салыстырып  ажырату  мақсатында,  екіншіден  ол  бір  ғана  затты  атау  үшін 

емес,  сонымен  қатар  кең  грамматикалық  арнайы  қызмет  атқаратындықтан, 

арнайы  талдайтын  негізгі  форма  ретінде  қаралады.    Атау  септігі  Кім?  Не? 

Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлем ішіндегі синтаксистік 

қызметіне қарай, атау септігі: 

 

1.

 



Бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мұғалім – ауылдағы мәдениет 

күші. 

2.

 

Тұрған  орнына  қарай  жіктік  жалғай  жалғанып  та,  жалғанбай  да 

баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Біз мұғалімбіз, ол мұғалім т.б. 


WWW.ENU.KZ

 

 



3.

 

Басқа  бір  есіммен  ешбір  қосымшасыз  тіркессе,  анықтауыш  та  бола 



алады. Мысалы: Мен қол сағат сатып алдым т.б.[3; 61] 

Бұл септіктің екі тілдегі қолданысы бір. 



Ілік септігі.Ескерткіштерде ілік септік заттың, қимылдың белгілі біреуге 

тән  екендігін  білдіреді.  Ілік  септіктегі  сөз  тәуелдік  жалғаулы  сөздермен 

тіркесіп  келеді.Ілік септіктегі  сӛздер –ың, -ің, -ның, -нің  (-уң, -үң, -нуң, -нүң) 

қосымшаларының  жалғануы  арқылы  жасалады.  Мысалы:    kitabın,  dostun, 



ailenin, kardeşimin т.б.[4; 46] 

Бұл септіктің қазақ тілінде кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беріп, -ның, 



-нің,  -тың,  -тің,  -дың,  -дің  жалғауларын  жалғайды.  Мысалы:  Ескінің  көзі, 

кітаптың  сөзі  т.б.  Сөйлем  ішінде  ілік  септігі  жалғанған  сөз  әрқашан 

анықтауыш қызметін атқарады. Ердің атын еңбек шығарады (мақал).[3; 62] 

Қазіргі түрік тіліндегі ілік септігі  kimin? nenin?neyin?сұрақтарына жауап 

беріп,–in, -ın, -un, -ün, –nın, -nin, -nun, -nünжалғаулары жалғанады. 

–in, -ın, -un, -ün – дауыссыз дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu tüfek 

kimindir? – Бұл мылтық кімдікі? 

–nın, -nin, -nun, -nün – дауысты дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu 

tüfek Mustafanındir – Бұл Мұстафаның мылтығы [5; 56] 

 Қазіргі  түркі  тілдерінде  ілік  септігінің  жалғауы  дауыстыдан  немесе 

дауыссыздан  басталуымен  ерекшеленеді.  Дауыстыдан  басталуы  Орхон-

Енисей жазбаларына және қазіргі оғыз тобындағы тілдерге тән. 

Барыс септігі (Yönelme hali).Барыс септігігі көне түркі ескерткіштерінде 

мынадай қосымшалар арқылы жасалады: 

1.

 

қа,  -ке,  -ға,  -ге:тағқа  –  тауға,  қапығқа  –  қақпаға,  йерке  –  жерге, 



үгүзке – ӛзенге.    

қа,  -ге  тұлғалары  Орхон  ескерткіштерінде  кездеспейді,  бірақ  Енисей 

ескерткіштерінде  сөздің  аяғы  қатаң  дыбысқа  бітсе  де,  ұяң  дыбысқа  бітсе  де 

үндестік заңына сәйкес  –ға, -ге қосымшалары арқылы келетін бірнеше сөзді 

кездестіреміз. 

2.

 



ғару,  -геру.  Құранды  қосымшалар.  Олар  барыс  септіктің  –қа  және  

ру, -рү жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: йоқар-жоғары, ілгерү-ілгері, 

ебгерү-үйге қарай т.б. 

3.

 



–а,  е.  Жіктеу  есімдікері  мен  тәуелді  жалғаулы  сөздерден  кейін 

жалғанады. Мысалы: баңа-маған, ебіме-үйіме, ініме-ініме т.б. 

4.

 

–йа, -ие негізінде оғыз тілдеріне тән қосымшалар. Мысалы: бірійе-оңға, 



құрыйа-кейінге т.б. 

5.

 



–ру,  -рү  кейбір    сөздерге  қосыла  келіп  істің  бағытын  білдіреді. 

Мысалы: баңару-маған қарай, аңару-оған қарай т.б. 



6.

 

ра, -ре.Ташра-тысқа, ӛңре-алға т.б.[2; 73] 

Бұл  септігіндегі  сөз  етістік  мүшемен  тікелей  де,  жанайда  байланысып, 

қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Барыс  септігі Кімге? Неге? Қайда? 

сұрақтарына  жауап  береді.  Мысалы:  Ол  ертен  қалаға  жүреді.Барыс  септігі 

сөз  мағынасына  қарай  сөйлемде  толықтауыш  та,  пысықтауыш  та  болады. 



WWW.ENU.KZ

 

 



Мысалы:Білгенге маржан, Білмескеарзан, Надандар баһра ала алмас(Абай); 

Ӛткір пышақ қынға қас, ӛтірік сӛз жанға қас (мақал).  

Ал,  қазіргі  түркі  тілінде  бұл  септік  Kime?  Nereye?  neye?  сұрақтарына 

жауап беріп,–а, -е,– ya, -ye  жалғаулары жалғанады. Мысалы: eve-үйде, ağaca-

ағашта,  İstanbul'a-Стамбулдат.б.  Байқағанымыздай  егер  сөз  çәріпіне 

аяқталып, оған жалғау жалғанса ç әріпі с әріпіне өзгереді. 



–  ya,  -ye–  сөз  дауысты  дыбысқа  аяқталсажалғанады.Мысалы:başa,  dışe, 

burna, dıle т.б. Бұл жалғаудың нұсқалары да азербайжан, туркимен тілдерінде 

кездеседі.  Мысалы:  азербайжан  тілінде  түлкүйә,  сәрчәйә;  түркімен  тілінде 



тилкә, ярма т.б. 

–а,  -е  –  сөз  дауыссыз  дыбысқа  аяқталса  жалғанады.Мысалы:yarmaya, 

arpaya,  kamçıyaт.б.  Барыс  септігінің  бұл  жалғауы  түркі  тілдерінен  басқа 

азербайжан  және  де  түрікмен  тілдерінде  кездеседі.  Мысалы:  Азербайжан 

тілінде баша, дишә, бурна, дилә т.б. Түрікмен тілінде баша, дише, бурна, диле 

т.б. [5; 53] 

  Барыс септігінің қазақ тіліндегі нұсқасында  –а,-е жалғауы сөзге  тікелей 

жалғанбайды.  Тек  сөз  тәуелденіп  келіп  септелген  жағдайда.  Қазақ  тілінде 

септіктер  жәй  және  тәуелді  септеледі.  Жай  септеу  деп  қосымшалардың 

тікелей  зат  есімдердің  және  басқа  есім  қызметін  атқаратын  сөздердің  тура 

түрлеріне  жалғануын  айтамыз.  Ал,  тәуелді  септік  жалғауларының  зат  есім 

немесе  зат  есім  қызметін  атқаратын  басқа  сөздердің  тәуелді  түрлеріне 

жалғануын  айтамыз.  [3;  58]Мысалы.  Жай  септеуде  үйім  болса,тәуелді 

септеудің барыс септігінде үйіме.  



Табыс  септігі  (Belirtme  hali).Ескерткіштердегі  табыс  септігі  сөз  амал, 

әрекетпен  тәкелей  байланыста  болып,төмендегідей  қосымшалар  арқылы 

жасалады: 

1.

 



ны, -ні, -ы, -і: бені-мені, сені-сені, бізні-бізді т.б. 

2.

 



ығ, -іг, -уғ, -үг (-ғ, -г): будынығ-халықты, ташығ-тасты т.б. –ығ, -іг, -

уғ, -үг тұлғалары қазіргі түркі тілінде кездеспейді.  

Табыс  септігінде  тұрған  сөздер  ашық  түрде  де,  жасырын  түрде  де  келе 

береді. 

1.

 



Табыс  септігіктің  ашық  түрі  нақтылы,  белгілі  бір  нәрсені  көрсеткенде 

қолданылады. Қарығ секім-қарды тазаладым т.б

2.

 

Табыс септігінің жасырын түрі кейде айқын көрсетілмей көмескіленеді. 



Иерчі тіледім – жершіл тіледім.[4; 48] 

Бұл  септіктегі  сөз  Кімге?  Неге?  Қайда?  сұрақтарына  жауап  беріп, 

етістікпен  байланысып,  сөйлемде  тура  толықтауыш  қызметін  атқарады. 

Мысалы:  Түзетпек едім заманды,  ӛзімді тым-ақ зор  тұтып.  (Абай).  Табыс 

септігінің  жалғауы  да  бірде  ашық,  бірде  жасырын  түрде  қолдана  береді. 

Жалғау жасырын тұрғанның өзінде арқашан сабақты етістікпен тіркесіп келіп 

тура толықтауыш болады.   

  Қазіргі түркі тіліндегі табыс септігі Kimi? Neyi? Ne? сұрақтарына жауап 

беріп, төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады. 


WWW.ENU.KZ

 

 



-ı,  -i,  -u,  -ü  –  егер  сөз  немесе  сөйлем  дауыссыз  дыбысқа  аяқталған 

жағдайда жалғанады. Мысалы: evi – үйді, şehiri-қаланы, okulu-мектепті т.б. 

yı,  -yi,  -yu,  -yü  –  егер  сөз  немесе  сөйлем  дауысты  дыбысқа  аяқталған 

жағдайда жалғанады. Мысалы:para-ақшаны т.б. 

 Бұл  септік  жалғауының  да  қазақ  тілі  үлгісінде  тәуелдену  үлгісі  бар. 

Мысалы.  жай  септеу  үйім,  тәуелді  септеуде  үйімді.  Бұл  үлгі  түрік  тілінде 

кездеспейді. 

Жатыс  септігі  (Bulunma  hali).Ескерткіштердегі  жатыс  септікте  тұрған 

сөздер  мекенін,  орнын,  мезглін  білдіріп,  -та,-те,-да,-де  жалғауларының 

жалғануы  арқылы  жасалады.  Мысалы:  ташда-таста,  қағанта-қағанда, 

йолта-жолда,  тағда-тауда  т.б.  Жатыс  септіктегі  сөздер  сөйлем  ішінде 

жанама толықтауыш не пысықтауыш болады.[4; 48] 

Бұл  септіктегі  сөздер  негізінде  көлемдік,  мекендік  және  мезгілдік 

мағынаны беріп, Кімде? Неде? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жат 



қораны  күзеткен  қартаң  шалда  сана  жоқ  (Абай);  Аспанды  жапқан  қара 

бұлт әлем-тапырақ кӛшуде (С.Мұқанов); Есімде, анам есімде, Есімнен сӛзің 

қала ма (І.Жансүгіров); Байлық – еңбекте, жерде (Ы. Алтынсарин). 

Жатыс  септігі  қазіргі  түрік  тілінде  де  мекенді  білдіріп  Kimde?  Nerede? 

сұрақтарына жауап беріп, мынадай жалғауларды жалғайды:-da,-de,-ta,-te. 

-  da  –  егер  сөз  дауыссыз  немесе  ашық  дауыстылардан  кейін  және  де 

сөздің  соңғы  дауыстысы    a,  ı,  o,  u  әріптері  болса  жалғанады.  Мысалы:Kitap 



masada – кітап үстелде т.б. 

-de – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің 

соңғы дауыстысы  e,i,ö, üәріптері болса жалғанады. Мысалы: evde-үйде т.б. 

-ta  –  ç,f,h,k,p,s,ş,t  әріптерінен  және  сөздің  соңғы  дауыстысы  a,  ı,  o,  u 

әріптері болса жалғанады.  



-te – ç,f,h,k,p,s,ş,t  әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы  e,i,ö, ü әріпі 

болған жағдайда жалғанады. [5; 68] 

Жатыс  септігінің  тәуелді  септелу  үлгісінде  –нда  жалғауы  жалғануымен 

ерекшеленеді. Мысалы үй – үйімде, ел – елінде т.б.  



Шығыс  септік  (Ayrılma  hali).Ескерткіштердегі    шығыс  септігі 

қимылдың  шығу  орнын,  мекенін  білдіріп,  -тан,  -тен,  -дан,  -ден,  (-тын,  -



тін)  қосымшалары  арқылы  жасалады.  Ескерткіште  шығыс  септігі  сирек 

кездеседі. [2; 75] Мысалы: беріден – беріден, айырдан-алдынан т. б. 

Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, 

мөлшерін  басқа  да  әр  қилы  мағыналарды  білдіріп,  кімнен?  неден?  деген 

сұрақтарға  жауап  береді.  Мысалы:  әкемнен  әліп  биді  үйде  оқыдым 

(С.Торайғыров);  Кӛз  кӛруден  тыйылмас,  кӛңіл  сенуден  тыйылмас  (мақал);  

Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал). 

Қазіргі  түркі  тілінде  де  бұл  септік  шығу  орнын  білдіріп,    Kimden? 



Nereden? Neden? сұрақтарына жауап береді. -dan, -tan, -den, -ten жалғаулары 

арқылы жасалады. 



WWW.ENU.KZ

 

 



-dan  –  егер  сөз  дауыссыз  немесе  ашық  дауыстылардан  кейін  және  де 

сөздің соңғы дауыстысы  a, ı, o, u әріптері болса жалғанадыМысалы:okuldan 



– мектептен т.б. 

 -den  –  –  егер  сөз  дауыссыз  немесе  ашық  дауыстылардан  кейін  және  де 

сөздің соңғы дауыстысы  e,i,ö, üәріптері болса жалғанады. Мысалы:şehirden – 



қаладан т.б. 

-tan  –  ç,f,h,k,p,s,ş,t  әріптерінен  және  сөздің  соңғы  дауыстысы  a,  ı,  o,  

әріптері болса жалғанады.  



-ten – ç,f,h,k,p,s,ş,t  әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы e,i,ö, ü әріпі 

болған жағдайда жалғанады.  



Көмектес септік. Ескерткіштерде көмектес септік –ын, -ін, -н және бірле 

сөзімен жасалады. Мысалы қышын – қысымен, йазын – жазымен т.б. 

Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, 

бірлесу  сияқты  жай-күйін  білдіріп,    Кіммен?  Немен?  Қалай?  сұрақтарына 

жауап береді.  Мысалы: Құлагер қуашынпен қосып едім, Алдыңнан үмітпенен 

тосып 

едім 

(І.Жансүгіров); 

Абай 

қора 

салатын 

ұсталарымен, 

жұмысшыларымен  және  тӛрт-бес  үй  кӛршісімен  келіп,  сол  жұмысты 

жүргіздіріп жатыр (М.Әуезов) т.б 

Қазіргі  түркі  тілінде  көмектес  септігі  kimile?neile?  сұрақтарына  жауап 

беріп, сөзде негізінен –la,-leжалғаулары арқылы жасалады. Алайда көмектес 

септігі кей жағдайларда ileшылауы арқылы да жасалады. 

-la,-le  –  дауыссыз  дыбыстардан  сон  жалғанады.  Мысалы:  Dolma  kalemle 

yazıyorum  –  Толық  қаламмен  жазып  отырмын.  Ben  çatalla  yemek  yiyorum  – 

Шанышқымен  жедім  т.б.  Бұл  жалғау  басқа  түрік  тілдерінде  кездесе 

қоймайды.  Ал  шығу  тарихына  келсек  А.Ибатовтың  «Қазақ  тіліндегі 

есімдіктердің тарихынан» кітабында берілген.  Олар ертеде толық мағыналы 

сөздерден бірлен – билән – білә – әлі – лә,ле. [1; 70] 

-(y)la/(y)le – дауысты дыбыстан соң жалғанады.  

-ile  –  сөз  бен  сөзді  байланыстырады.Бұл  көне  жазба  ескерткіштеріндегі 



бірле  шылауымен  сәйкес  келуі  мүмкін.Ali  kızkardeşi  ile  konuşuyor  –  Али 

қарындасымен сӛйлесті т.б. 

Бірле  шылауының  нұсқасытүркі  тілдерінің  ішінде  чуваш  тілінде    палан 

(пелен, пала, пеле) түрінде, якут тілінде бирлен (бирле, билен, блен) түрінде 

қолданылады.  

 Қазақ  тілі  мен  түркі  тілдеріне  ортақ  тағы  бір  жайт  ол  есімдіктердің 

септелуі.  Есімдіктер  сөз  таптарының  ішінде  ерекше  орын  ұстайды.  Олар 

заттың  атын,  санын,  сынын  білдірмейді,  бірақ  олардың  орнына 

жұмсалады.Есімдіктердің  нақты  мағыналары  басқа  сөздер  арқылы 

байқалады.  

 Көне түркі тіліндегі ескерткіштерде жіктеу есімдігі септеліп келеді.  

Атау:  мен, бен – мен 

Ілік: менің, бенің – менің  

Барыс: маңа, баңа, саңа – маған 

Табыс: бені, бізні, сені – мені, бізді, аны – оны 



WWW.ENU.KZ

 

 



Жатыс: анта – онда, бізінте – бізде.  

Бенин  будуным  атна  ерүр  –  Менің  халқым  сонда  болар.  Білге  Тоникуқ 

маңа айдады – Білгіш Тониқуқ маған айтты т.б. 

 Енді бұл есімдіктің қазақ тіліндегі септелуіне назар аударайық: 

Атау:   мен   

сен   

ол 

 

біз 

 

сіз 

 

олар 

Ілік: 


менің  

сенің   

оның  

біздің  

сіздің        олардың 

Барыс:  маған 



саған  

оған   

бізге   

сізге         оларға 

Табыс:  мені   



сені   

оны   

бізді   

сізді        оларды 

Шығыс:менен 



сенен  

онан   

бізден 

сізден      олардан 

Жатыс:менде сенде  



онда   

бізде   

сізде   

оларда 

 

 Енді бұны қазіргі түрік тілімен салыстырайық: 

Атау:  ben   

sen 

 



 

biz 

 

siz 

 

onlar 

Ілік:      Benim 



senin   

onun   

bizim   

sizin   

onların 

Барыс:  Bana   



sana   

ona   

bize   

size   

onlara   

Табыс:  Beni   



seni   

onu   

bizi   

sizi 

 

onları 

Шығыс:Benden 



senden 

ondan  

bizden 

sizden        onlardan 

Жатыс:Bende sene   



onda   

bızde   

sızde          onlarda 

Есім  септелуінде  екі  тілдегі  айырмашылық  соншалықты  көп  емес. 

Бірніші айырмашылық мен, сен імдіктерінің барыс септігінде ма-, са- болып 

өзгеріске  түсуі.  Мұның  негізгі  себебін  мен,  сен  есімдіктерінің  шығу 

төркінімен  байланысты.  Екінші  бір  айырмашылық  барыс  септігіндегі  н 

дыбысының  пайда  болып,  қазақ  тіліндегі  –ған  жалғауының  орныны  –на 

жалғауының  жалғануы.    Барыс  сетігіндегі  айырмашылық  болмаса 

қалғандары дыбыстардың өзгеруіне байланысты. [1; 69] 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 



А.Ибатов  «Қазақ  тіліндегі  есімдіктердің  тарихынан»  Алматы  ,1966  .– 

71 б. 


2.

 

Ғ.Қайдаров 



«Көне 

жазба 


ескерткіштерінің 

тілі» 


Алматы 

«Мектеп»,1986.–180 б. 

3.

 

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» Алматы «Ана тілі»,1991. – 



381 б. 

4.

 



З.Н.  Жуынтаева,  М.А.Тұрсынова    «Көне  түркі  тілі»  Қарағанды,2009.  – 

135 б. 


5.

 

«Исследования  по  сравнительной  грамматике  тюркских  языков. 



Морфология» Москва, 1956. – 334 б.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет