РЕЦЕНЗИЯ «7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мамандығының магистранты Ермұхан Нұргүлдің «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух және М. Шаханов шығармалары» атты педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясына:
1.Диссертацияның өзектілігі, жаңалығы: Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі – ақын М. Шаханов. Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау, талдау бүгінгі әдебиеттанушылардың, жас зерттеушілердің міндеті. Көптеген әдебиетші ғалымдар М. Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, зерттеу жұмысы ретінде жазып та жүр.
Зерттеу жұмысының негізгі жаңалығына келсек, бұл – ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Диссертант өзінің зерттеу жұмысында М. Шаханов поэзиясының көп салалы саналуан тақырыпты қамтып айта келе, әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттаған ақын жарларын талдап шыққан.
2. Диссертацияның мазмұнын бағалау: Ермұхан Нұргүлдің «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух және М.Шаханов шығармалары» тақырыбындағы диссертация жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының «Қазіргі қазақ поэзиясының этикасы және даму тенденциясы» поэзиясындағы жаңа есімдер және олардың шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі мәселесі қаралған. Сонымен қатар осы тарауда қазіргі қазақ поэзиясы, жас ақындар поэтикасы және олардағы тақырыптық ерекшеліктері қарастырылған. «М. Шаханов поэзиясының ерекшеліктері мен ондағы ұлттық рух сипаты деп аталатын» екінші тарауда М. Шаханов поэзиясының өзіндік ерекшелігін, жаңашылдығын мен стилін талдап өткен. Қазіргі ақындар мен М. Шаханов өлеңдеріндегі ұлттық рухтың көрінісін айқындаған.
3. Диссертацияның айрықша оң жақтары: Бітіруші Ермұхан Нұргүл «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух және М. Шаханов шығармалары» тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысында М. Шаханов поэзиясындағы ұлттық рухтың көрінісін айқындау барысында, талдау барысында жан-жақты әдістерді пайдаланған. Диссертацияда С.Қирабаев, З. Қабдолов, М. Базарбаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Т. Рахымжанов сынды ғалымдар еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алған.
Аталған диссертация жұмысында ізденуші өзінің ғылыми дайындығын толық көрсете білген. Зерттеу жұмысы аяқталған, тараулар мен тараушалар арасында логикалық байланыс бар, ғылыми баяндауы, талдауы мәнді.
Диссертация жұмысының мазмұны жоспарға сай жазылған. Зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми еңбектерге сілтеме берілген, басқа да ғалымдардың тұжырымы автор тарапынан жүйеленген. Алдына қойған міндеттерін шешіп, өз мақсатына жеткен. Талдау барысында өз тұжырымдарын келтіріп отырған. Диссертация жұмысы әдеби тілде баяндалып, сауатты жазылған.
4.Диссертацияның практикалық мәні және енгізу жөніндегі ұсынымдар: Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы, әдебиеттану сияқты ғылым салаларының теориялық негіздерін өз дәрежесінде толықтырып, осы бағыттағы зерттеулерге өзіндік үлес қосуға септігін тигізеді. Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық.
5.Диссертация бойынша кемшіліктер мен ескертулер: «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух және М.Шаханов шығармалары» тақырыбындағы диссертация жұмысы магистратура дәрежесіне лайық жұмыс, нормалық талапқа сай деңгейде орындалған және ___ деген балдық шкаламен бағалаймын.