Салыстырмалы фонетика - біріншіден, туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып зерттейтін фонетиканың бір саласы, екіншіден, салғастырмалы фонетика, яғни шыққан тегі әр түрлі тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеуге негізделген фонетика. Сонымен салыстыр-малы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді екен. Мысалы, М.Томановтың “Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы” (1981), “Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасы” (Л., 1984) деп аталатын еңбектерде туыс тілдердің дыбыс жүйе-сі салыстыра зерттеліп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілері айқындалған. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбінесе бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Салыстырмалы фонетика тіліміздегі дыбыс жүйесінің қалыптасу тарихын танып-білудегі аса маңызды құрал. Оның негізгі мақсаты – туыс тілдердегі дыбыс жүйесінің ататілдік үлгісін (моделін) жасап, олардың ары қарай дамуынын, дыбыстық сипатын, түрлі дыбыстық құбылыстардағы өзгеріс-тердің өту сипатын қайта жаңғыртып, дыбыстық құрамды са-лыстырмалы тұрғыдан сипаттап беру. Оның басты тәсілдері: тілдегі дыбыстардың тектестігін, салыстырылатын тілдердегі әр түрлі деңгейдегі дыбыстық сәйкестіктер мен ауытқуларды анықтау, ең алғашқы ататілдік фонемалардың үлгілерін жасау, дыбыстық құбылыстардың хронологиялық және таралымдық шегін анықтай отырып, тарихи-салыстырмалы тұрғыдан сипат-тама жасау. Бұл тұрғыдан алғанда, туыс тілдер жүйесінің тари-хи дамуындағы заңдылықтарды фонетика-фонологиялық дең-гейлерде анықтау неғұрлым тиімді. Зерттеу бағыты екі түрлі бо-луы мүмкін: 1) ретроспективтік, яғни тілдің дыбыстық жүйесі-нің қазіргі күйінен ертедегі бастапқы күйіне қарай зерттеу және 2) проспективтік, яғни тілдің дыбыстық жүйесінің ертедегі бас-тапқы күйінен қазіргі күйіне қарай зерттеу.
Салғастырмалы фонетикатілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра зерттейді. Ол тілдердің дыбыс жүйесін олардың туыстығына, өмір сүрген уақытына, территориялық орналасуына байланыс-сыз зерттеп, олардың бәріне тән және фонетикалық ерекше заң-дылықтарын айқындауды мақсат тұтады. Салғастырмалы фоне-тиканың міндеті – салғастырылатын тілдерде тілдік құралдарды пайдалануда қатысты кездесетін дыбыс жүйесіндегі ұқсастықты, айырмашылықты айқындап, типологиялық тұрғыдан түсіндіру. Салғастырмалы фонетиканың қалыптасуы Ф.Шлегель, В.Гумбольд, Э.Сепир, Е.Д.Поливанов, Л.В.Шерба, т. есімдері-мен тығыз байланысты. Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) кө-мегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырым-дар жасайды. Фонетикада эксперимент әдістері кеңінен қолда-нылуымен байланысты дыбыстың жасалымын көрсету үшін рентген қондырғысы мен палатограф пайдаланылса, дыбыстың айтылымын айқындау мақсатында спектограф пен интонограф қолданылады. Бүгінде мұндай электронды құрал-жабдықтардың көмегімен дыбыс үлгілерінің дәл және көрнекі модельдерін жа-сауға мүмкіндік туып отыр. Мысалы.
1а сурет А дауысты дыбысының 1ә сурет. Ә дауысты дыбысының
сызба моделі сызба моделі
Физиологиялық фонетика немесе антрофоника (грек. antropos – адам, phone - дыбыс) тілдегі дыбыстардың артикуля-циялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді. Мұнымен байла-нысты тіл білімінде антрофоникалық топтастыру жүзеге асады. Ол бойынша тіл дыбыстарының физиологиялық қасиеттеріне негізделіп жасалған дауысты дыбыстар топтастырылады.